Павлодар облысы – Қазақстанның ең ірі индустриялық және экономикалық дамыған өңірлерінің бірі. Оның аумағында көмір, никель, алтын, мыс, мырыш және қорғасын қорлары шоғырланған. Облыс айтарлықтай тиімді географиялық жағдайға ие, себебі өңір ТМД-ның ең үлкен нарығы Ресей Федерациясының жанында орналасқан, солтүстіктен – Омбы облысымен, солтүстік шығыстан – Новосібірмен және шығыстан – Алтай өлкесімен шектеседі.
Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылы 3 625,3 млрд. теңгені құрады және соңғы 5 жылда 1,5 есе өсті (1 - сурет). Жалпы көлемдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 31,1% немесе 1 128,7 млрд. теңгеге тең.
1 - сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге
Павлодар облысында 2022 жылғы 1 қаңтарда бойынша жұмыс істеп тұрған 13 643 заңды тұлға, оның ішінде 13 300 шағын, 252 орта және 91 ірі кәсіпорын тіркелген. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 991-і өңдеу өнеркәсібіне жатады (945 шағын, 28 орта және 18 ірі кәсіпорын), бұл кәсіпорындардың жалпы санының 7,2% құрайды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2 726,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 1 740,7 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 63,8% жетті. (2020 жылы - 62,6%) (2 - сурет).
2 - сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
Экспорт көлемі бойынша Павлодар облысы Қазақстанның басқа өңірлері арасында 2-ші орында және 13,1% үлеске ие. Соңғы жылдары өңірлік экспорт номенклатурасы мынадай өнімдермен толықтырылды: алюминий, алюминийден жасалған автомобиль дискілері, жіксіз құбырлар, полипропилен, полипропилен қаптар, хлор, қыздырылған кокс, катодты мыс, т/ж машина жасау өнімдері. Бұл тауарларды өткізу нарығы Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан болып табылады.
Индустрияландыру картасы және кәсіпкерлікті қолдау карталары шеңберінде Павлодар облысында 1 068,3 млрд. теңге сомасына 107 жоба пайдалануға берілді, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Іске қосылған жобалардың ең көп саны Павлодар қаласында орналасқан – 59 жоба, инвестиция көлемі бойынша Екібастұз қаласы көш бастап тұр – 529,1 млрд. теңге. Іске қосылған жобалардың ішінде өңдеу өнеркәсібіне жалпы сомасы 486 млрд. теңгеге 80 жоба жатады, 6 937 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл ретте жобалардың ең көп саны металлургия өндірісіне енгізілді – 17 жоба немесе 21%, инвестициялар көлемі бойынша кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі көш бастап тұр – 222,7 млрд. теңге немесе 45,8%.
Өңірдің перспективасында 2025 жылға дейін 10,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 3,1 трлн. теңге сомасына 42 инвестициялық жобадан тұратын жалпы пул қалыптастырылды. Бүгінде 38 жоба іске асырылу сатысында. Биыл құны 5,8 миллиард. теңге болатын 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 2022 жылы өңірде іске қосылатын жобалардың негізгі салалары құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі және мұнай өңдеу болып табылады. Осылайша, кәсіпорындар 132 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, табақ шыны, эпоксидті компаунд және ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған қоспалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.