QazIndustry "DVM Systems" ЖШС барды

«QazIndustry» АҚ өкілдері ағымдағы жылғы 8 тамызда электротехникалық жабдық әзірлейтін және өндіретін  «DVM Systems» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорнына барды. Компания 2010 жылы құрылды, 10 жылдан артық уақыт ішінде әртүрлі жеке және мемлекетітк кәсіпорндарға, соның ішінде, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне  тауарлар, жұмыстар жіне қызметтер жеткізеді. 

Қызмет саласындағы заманауи үрдістерді үнемі қадағалап отыратын білікті мамандардан құралған жас және өршіл команда жабдықтарды жасаудың барлық кезеңдерінде озық технологияларды әзірлейді және енгізеді.

Компания халықаралық стандарттарға жауап беретін бәсекеге қабілетті өнімді қамтамасыз ету үшін өндірісті жаңғыртуға қаражат салуда. 

 

Кәсіпорын өндірісті тұрақты дамыту арқылы өз жұмысының үлесін арттыруға және тапсырыс берушіге ең жақсы шешімді ұсынуға ұмтылады.

 

2019 жылы «DVM Systems» ЖШС технологиялық процестерді жетілдіруге байланысты шығындарды өтеу шеңберінде «QazIndustry» АҚ-дан инженерлік және конструкторлық әзірлемелер үшін қолдау алғандығын атап өткен жөн, бұл,  сапаны жақсартуға және өндірілетін өнім ассортиментін            3 түрге (АБС, ОЭСР, АПКУО) ұлғайтуға,  өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ, қызметкерлерді «PILZ» жабдығын ұсынуға үйретуге мүмкіндік берді.

 

Соңғы 2 жылда  жалпы қызметкерлер саны 13 адамнан 21 адамға өсті, жоспарда 30 адамға дейін ұлғайту. 

Аталған кәсіпорынға бару шеңберінде өкілдер өндіріспен танысты, оның қорытындысы бойынша мемлекеттен қолдау ала алатын шығындар бойынша ұсыныстар берілді.