2022 жылғы 11 тамызда SmArt.Point алаңында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастырған «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және мемлекеттік ынталандыру шаралары» бағыты бойынша АТ-сарапшылар мен Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындары өкілдерінің кездесуі өтті.
Іс-шара өндірістік процестерді цифрлық трансформациялау және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бағыты бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.
Кездесудің модераторы - вице-президент, International Data Corporation (IDC) ТМД халықаралық консалтингтік компанияның өңірлік директоры Андрей Беклемишев.
Өндірістік процестерді цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, үлкен деректерді және цифрлық трансформация саласындағы мемлекеттік ынталандыру шараларын талдау бағыты бойынша жетекші сарапшылар спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Іс-шара барысында спикерлер өнеркәсіптегі халықаралық және отандық цифрлық трансформациялаудың табысты кейстері («Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитеті, ДЭФ 4 өнеркәсіптік революциясының үлестес орталығы) туралы баяндады, өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық жетілуі бөлігінде түсіндірмелер (International Data Corporation), үлкен деректерді визуализациялау және талдау мүмкіндіктерін көрсетті (Бірінші кредиттік бюро), өнеркәсіпке арналған ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша ұсынымдар («JK and Partners» ЖШС) айтылды.
Кездесу барысында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ өкілдері мемлекеттік ынталандыру шараларын және еңбек өнімділігін арттыруға және цифрлық жобалар енгізуге бағытталған қолдау шараларын алу бойынша ақпарат берді.
Іс-шараның соңында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері цифрлық стратегиялар әзірлеу бойынша іс-шараларға қатысу, сондай-ақ, кәсіпорындарға цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс үшін АТ-компаниялардың өкілдерін ынтымақтастыққа шақырды.
Оқу іс-шарасына Алматы өңірінің 70-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорнының өкілдері, соның ішінде, кәсіпорын топ-менеджерлері, сондай-ақ, АТ-компаниялар мен стартап өкілдері қатысты.