Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігі қалай бағаланатындығы туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев айтып берді.
- Арыстанбек Нәбиұлы, бүгінгі әңгіме жаңадан бекітілген еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарына арналған мемлекеттік шараларды іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі туралы. Бұндай бағалауды не үшін жүргізу қажет, оның негізгі мақсаты қандай?
- Өткен жылдың соңында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы бекітілгендігін бәріміз білеміз. Әдетте, кез келген саясатты құруда, мейлі ол индустриялық немесе инвестициялық, сауда немесе экспорттық және басқалар болсын, олардың барлығы мемлекеттің де, кәсіпорындардың да мүдделерінің тепе-теңдігін жасауға ұмтылады.
Бүгінгі күні әр түрлі құралдарға (грант, өтеу, бірлесіп қаржыландыру, лизинг және т.б.) негізделген мемлекетпен көрсетілетін барлық мемлекеттік ынталандыру шаралары оларды ұсыну бойынша мемлекеттің міндеттемелерін, қарсы міндеттемелерді орындау бойынша алушының (кәсіпорындар) міндеттемелерін көздейді.
Осылайша, мемлекет бизнесті қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларымен ынталандыра отырып, экономикалық, әлеуметтік және экономика салаларындағы басқа көрсеткіштердің жақсаруын күтеді.
Бүкіл әлемде өңдеу өнеркәсібін дамыту мемлекеттің қатысуынсыз болмайды. Бұл ретте, мемлекеттік бюджетті жұмсаудың тиімділігі қаржылық ынталандыру шараларының тиімділігіне тікелей байланысты.
Қолдау құралдарына бағалау үнемі жүргізілді, алайда, бұрын Ұлттық экономика министрлігімен жүргізілді. Жаңа Заңның («Өнеркәсіптік саясат туралы» автордың ескертуі) енуіне байланысты бұл құзырет өнеркәсіпті ынталандыру саласындағы уәкілетті органға, яғни, ҚР ИИДМ ауысты. Жаңа Заңға сәйкес біздің ұйымға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруды талдау құзыреті берілген.
Ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігіне талдау жүргізудің жалғыз және негізгі мақсаты қолданыстағы ынталандыру шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу болып табылады.
- Жалпы бағалау механизмі туралы айтып берсеңіз.
- Жоғарыда айтылғандай, барлық мемлекеттік ынталандыру шараларын алған кезде
кәсіпорындарға қарсы міндеттемелер беріледі, олардың орындалуына операторлар мониторинг жүргізеді. Кәсіпорынның қол жеткізген нәтижелері жүргізілетін бағалау объектілері болып табылады.
Бағалау мәні әр ынталандыру шарасының тиімділік деңгейін жоғары тиімдіден тиімсізге дейін анықтау болып табылады. Механизм қолданыстағы құралдар тиімділігінің индексін есептеу.
Бұл бағалау жыл сайын жүргізіледі және оның қорытындылары уәкілетті органмен ҚР Үкіметіне ұсынылады. Сонымен қатар, бағалау нәтижелері өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі құралы болып табылатын ҚР өнеркәсібінің жағдайы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамаға енгізілетін блады.
- Индексі ең төмен нәтиже көрсететін шараларға не болады?
- Біріншіден, талдау нәтижелері міндетті түрде Ұлттық баяндамада көрсетілетін болады. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының төмен индекс жинаған оператор құралды оның қазіргі күйінде орындылығына мұқият талдау қажет.
Алдағы барлық жұмыс тікелей Бағдарлама операторларымен жүргізілуі тиіс. Ынталандыру шараларын алып тастау бағалаудың міндеті емес. Өнеркәсіптік саясат саласында жүргізілетін барлық жұмыстың негізгі міндеті өңдеу өнеркәсібін дамытуды ынталандыру, соның ішінде, қаржылық құралдар арқылы ынталандыру екендігін еске саламын. Бүгінгі күні мемлекетпен көрсетіліп жатқан ынталандыру шаралары осы міндетті шешуге ықпал етуі тиіс. Мүмкін кейбір құралдар өзгертуді қажет етеді, ал, кейбіреулері алынып тасталуы мүмкін. Оны талдау көрсетеді.
Бүгінгі күні «QazIndustry» АҚ еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру шараларын ұсынатындығын еске салғым келеді.
Жарғылық капиталда мемлекеттің қатысу үлесі 50 % аспайтын, сондай-ақ, а.ж. шілдеде бекітілген Басым тауарлар тізбесіндегі тауаларды өндіретін орта және шағын кәсіпорындар өтінім бере алады.