Елорданың өнеркәсіптік даму көрсеткіштері

Еуразиялық континент орталығындағы ыңғайлы географиялық орнын, сондай-ақ, жоғары экономикалық өсу қарқынын ескере отырып, астана инвесторлар және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін тартымды жер болып саналады.

Өңірдің жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 8 417,6 млрд теңге және соңғы  5 жылда  1,5 есеге өсті (1-сурет). Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы көлемде 7,7% немесе 650,5 млрд теңгеге тең.

 1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы

2022 жылғы 1 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында 63 018 жұмыс істейтін заңды тұлға, соның ішінде,  62 194 шағын, 473 орта және 351 ірі кәсіпорын бар. Жұмыс істейтін кәсіпорындардың 2 398-і өңдеу өнеркәсібіне жатады (2 355 шағын, 28 орта және 15 ірі кәсіпорын), бұл, жалпы кәсіпорын санының 3,8%.

Өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2021 жыл қорытындысы бойынша  1 543,9 млрд теңгеге тең, соның ішінде, 1 390,5 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 90,1% (2020 жылы 91,3%).

 

(2-сурет).

 2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялвқ жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Экспорт көлемі бойынша елорда Қазақстанның басқа өңірлері арасында 2-орында тұр. Ол жалпы көлемнің 10,2%. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты көлемі бойынша 9,5% үлеспен 5-орынды алады. Соңғы жылдары өңірлік экспорт номенклатурасы төмендегі өнімдермен толықты: электровоздар және пассажир вагондары.

Индустрияландырудың басынан Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау карталары шеңберінде  Нұр-Сұлтан қаласы сомасы  227,3 млрд теңге тұратын 45 жоба пайдалануға берілді, 4,7 мың  тұрақты жұмыс орны ашылды. Енгізілген жобалардың неғұрлым жоғары  саны Алматы ауданында орналасқан – 37 жоба немесе 82%. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі жобаларының арасында құрылыс индустриясы енгізілген жобалар саны бойынша (13 жоба немесе 32%) және инвестиция көлемі бойынша – 57,4 млрд теңге немесе 51,1%. көш бастап тұр.

2025 жылға дейін 5 мыңнан артық тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 156,4 млрд теңге 57 инвестициялық жобаның жалпы пулы қалыптастырылған.  Биыл сомасы 38,4 миллиард теңгегн 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Өңірде енгізілетін жобалардың негізгі салалары - құрылыс индустриясы мен машина жасау саласы. Осылайша, кәсіпорындар KIA Bongo автомобилі, респираторлар, лифттер және басқа өнім өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.