Ақтөбе облысының өнеркәсіптік дамуы

Ақтөбе облысы Қазақстанның батысында орналасқан. Облыс солтүстікте Ресейдің Орынбор облысымен, солтүстік-шығыста Қостанай облысымен, оңтүстік-шығыста Қарағанды және Қызылорда облыстарымен, оңтүстікте Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстік-батыста Маңғыстау облысымен, батыста Атырау облысымен,  солтүстік-батыста Батыс Қазақстан облысымен шектеседі.

Ақтөбе облысы Қазақстан үшін зор экономикалық және стратегиялық маңызға ие. Өңір хром қоры бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады, оның көлемі 400 миллион тоннадан асады. Жер қойнауында жалпыреспубликалық титан қорының 40% және  никель қорының 55%зерттелген. Облыс аумағында көмірсутек шикізатының болжамды қорының 30% шоғырланған, өңірдегі мұнайдың өнеркәсіптік қоры  республикада үшінші орында.

Алтын, күміс, мыс, мырыш, кобальт, каолин, фосфорит, мұнай-битум жыныстары, құрылыс материалдары өндірісіне арналған шикізаттың ірі кен орындары бар.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда  3 583,4 млрд теңгені құрады  және соңғы 5 жылда 1,5 есе өсті (1-сурет). Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі 12,7 % немесе 455,2 млрд теңгеге тең.

 

 

 1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге

2022 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша  Ақтөбе облысында    14 987 жұмыс істейтін заңды тұлға, соның ішінде, 16 631 шағын (97,6%), 262 орта (1,7%) және 94 ірі кәсіпорын (0,6%). Жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санынан 728 өңдеу өнеркәсібіне жатады (695 шағын, 24 орта және 9 ірі кәсіпорын), бұл, кәсіпорындардың жалпы санының 4,9% құрайды.

Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2021 жылы 2 247,4 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 840,3 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 37,4% жетті (2-кесте).

 

 2-кесте. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

2010–2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Ақтөбе облысында сомасы 702,6 млрд теңге 105 жоба пайдалануға берілді, 9,1 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, соның ішінде:

 

 

 

 

1-кесте. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша жобалар

 

Аудан, қала

Жобалар саны

Инвестиция көлемі,
млн те
ңге

Тұрақты жұмыс орнының саны

Ақтөбе қ.

66

284 253,2

5 003

Мұғалжар ауданы

11

246 712,0

1 109

Алға ауданы

8

3 275,0

499

Хромтау ауданы

8

95 838,5

1 378

Байғанин ауданы

4

49 222,0

322

Әйтеке би ауданы

2

9 821,0

540

Мәртүк ауданы

2

5 900,0

103

Темір ауданы

2

4 581,0

41

Хромтау қ.

1

2 600,0

40

Шалқар ауданы

1

370,0

60

 

Енгізілген жобалардың ең жоғары саны Ақтөбе қаласында орналасқан – 66 жоба немесе 63%, инвестиция көлемі бойынша – 284,3 млрд теңге немесе 40,5%.

Енгізілген жобалардың ішінде өңдеу өнеркәсібіне  жалпы сомасы 281,7 млрд теңге (40%) 66 жоба (63%) жатады,  5 864 (64%) тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сонымен бірге, металл емес минералды өнім өндірісіне ең жоғары жобалар саны енгізілді –
21 жоба немесе 32%, инвестиция көлемі бойынша металлургия өндірісі көш бастап тұр – 203,5 млрд теңге немесе 72%.

Болашақта өңірде 7,9 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 1,3 трлн теңге 47 инвестициялық  жобаны іске асыру, соның ішінде,  2022 жылы 540 астам тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 23,2 млрд теңге 12 жобаны іске қосу жоспарланған.

2022 жылы енгізілген жобалардың негізгі салалары:  тамақ, машина жасау, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, фармацевтикалық және мұнай өңдеу өнеркәсібі. Осылайша, кәсіпорындар мұнайды мобильді бұрғылау  қондырғылары, биоыдырайтын полиэтилен пакеттер, азық-түлік, дәрілік заттар, бұрғылауға арналған мұнай-химия реагенттері, сондай-ақ, темірбетон бұйымдары  өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.