QazIndustry өңдеу өнеркәсібі апталығы шеңберінде «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» сессиясын өткізеді

 

2022 ж. 22 қыркүйекте «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Өңдеу өнеркәсібі апталығы» шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің, сондай-ақ, отандық АТ-компаниялар қызметкерлері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» сессиясын өткізеді.

 

Сараптамалық қорытынды алу, цифрлық трансформация құралдарын қолдануда өнеркәсіптің өзекті проблемаларын талқылау, өндірістік процестерді автоматтандыру үшін әлеуетті тапсырыс берушілер мен цифрлық шешімдер жеткізушілер арасында тікелей B2B байланыс қалыптастыру сессияның мақсаты болып табылады.

Сессия шеңберінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының («Maker» ЖШС, «Mega Smart» ЖШС және т.б.) бірінші басшылары,  сондай-ақ, өнеркәсіптік өндірістерді («Атамекен» ҚР ҰКП АКТ комитеті,  «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК, SIEMENS AG неміс конгломераты, IDC халықаралық консалтингтік компаниясы) цифрлық трансформациялау саласындағы АТ-сарапшылар сөз сөйлейді. 

Іс-шара барысында өнеркәсіпке цифрлық жобаларды енгізу мәселелері, кәсіпорындардың цифрлық жетілу деңгейін бағалау, әкімшілік және статистикалық деректерді визуализациялау және талдау мүмкіндіктері, өнеркәсіпке арналған ақпараттық қауіпсіздік мәселелері және т.б. қарастырылатын болады.

Сессияға тіркелу үшін  https://promweek.kz/ сілтемесі бойынша өту қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 793399 (1075 Абай Мукушкин), сот.: +7707 522 1495 телефондары бойынша хабарласу қажет.