QazIndustry Индустрия 4.0 бағыты бойынша вебинарлар сериясын өткізеді

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ цифрлық трансформация мен Индустрия 4.0 арналған оқыту вебинарларын өткізуді жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында акционерлік қоғам өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері мен топ-менеджерлері үшін төрт вебинар өткізді. Спикерлер ретінде өнеркәсіптік өндірістерді цифрлық трансформациялау саласындағы IT сарапшылар сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылармен келесі өзекті тақырыптар талқыланды: «Цифрлық ойлау және бизнес-трансформация», «Кәсіпорынның цифрлық жетілуін бағалау», «Кәсіпорындардың инновациялық мәдениеті. Қызметкердің цифрлық құзыреті», сондай-ақ «Тұтынушыға бағдарланған қызмет». Тыңдаушылар өндіріске жаңа технологияларды енгізудің практикалық мәселелерін талқылап, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Оқыту семинарларының бейне жазбалары «QazIndustry» ресми youtube арнасында жарияланған: https://www.youtube.com/channel/UCb-t0xaHe_pnPutkmH59eGg/videos. Сондай-ақ, вебинарлардың презентациялық материалдары келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1osZ2KWYSNFBnc1nxAsfq_A7veD8WiPGq?usp=sharing

Аталмыш семинарлар а.ж. қыркүйек айында жалғасын табады. Қатысушылар өндірістік ортаға цифрлық өнімдерді енгізудің практикалық тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік алып, спикерлер іске асырылған жобаларды және цифрлық шешімдерді енгізудің нәтижелерін көрсетеді.

Қыркүйек айындағы вебинарлар кестесі төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:  https://qazindustry.gov.kz/ru/article/2188-qazindustry-provodit-serii-besplatnykh-vebinarov-po-napravleniyu-tsifrovoy-transformatsii-i-industrii-40