Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамуы

Шығыс Қазақстан облысы Ресей және Қытай шекарасында орналасқан, шығыста — Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен, солтүстікте — Алтай өлкесімен және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі.

Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылы 5 063,7 млрд теңгені құрады және соңғы 5 жылда 1,6 есе өсті (1-сурет). Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі  20,8% немесе 1 050,8 млрд теңгеге[1] тең.

 

 1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге



[1] Шығыс Қазақстан облысы және  Абай облысына бөлуді есепке алусыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша деректер

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

ШҚО негізгі өнеркәсіптік ерекшелігі — металл кенін өндіру, негізгі асыл және түсті металл өндірісі, азық-түлік өндірісі. Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2021 жылы 2 763,4 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 1 966,4 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, оның өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі  71% құрады (2-сурет)[1].

 

 

2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %



[1] Шығыс Қазақстан облысы және  Абай облысына бөлуді есепке алусыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша деректер

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының  өзара сауда тауар айналымы  5,76 млрд АҚШ долларын құрады. Из них экспорт составил 3,21 млрд АҚШ доллары, импорт - 2,55 млрд АҚШ доллары (3 сурет)[1].

 

3-сурет. Шығыс Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өзара сауда тауар айналымы 



[1] Шығыс Қазақстан облысы және  Абай облысына бөлуді есепке алусыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша деректер

[1] Шығыс Қазақстан облысы және  Абай облысына бөлуді есепке алусыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша деректер

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

2010–2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында сомасы     2,3 трлн теңге 98 жоба пайдалануға берілді, 21,6 мың тұрақты жұмыс орны[1] ашылды.

Енгізілген жобалардың ішінен жалпы сомасы 1,3 трлн теңге (56,5%)       82 жоба (83,6%) өңдеу өнеркәсібіне жатады,    14 222 (65,8%) тұрақты жұмыс орны ашылды.

Ең жоғары жобалар саны азық-түлік өндірісіне енгізілді – 27 жоба немесе 32,9%, инвестиция көлемі бойынша  тау-кен металлургия кешені көш бастап тұр – 992,9 млрд теңге немесе 76,4%.

Өңір перспективасында 2025 жылға дейін сомасы 5,7 млрд теңге  5,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашумен 21 инвестициялық жобадан жалпы пул қалыптастырылды.

Биыл 692 жұмыс орнын ашумен сомасы 49 млрд теңге 6 жобаны іске қосу жоспарланған. 2022 жылы енгізілетін жобалар ішінде тамақ өнеркәсібі жобалары көш бастап тұр (4 жоба). Осылайша, кәсіпорындар сүт өнімі, сыр және май өндірісін жолға қоюды жоспарлауда.

 



[1] Шығыс Қазақстан облысы және  Абай облысына бөлуді есепке алусыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша деректер