2022 жылдың 9 қыркүйегінде Qazpatent қабырғасында «Инновацияларды құру, оларды қорғаудың өзекті мәселелері және одан әрі дамытуды қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға QazIndustry, IMB Center, Science Fund АҚ, QazTrade, Ғылыми және технологиялық бастамалар орталығы, Назарбаев Университетінің өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, өнертапқыштар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Әділет вице-министрі Ақерке Естайқызы өз сөзінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін қолдау және қорғау саласындағы тиімді мемлекеттік саясаттың рөлін атап өтті.
Дөңгелек үстел аясында «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев қатысушыларға акционерлік қоғам ұсынып отырған мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттарын жан-жақты айтып өтті.
Осылайша, кәсіпкерлік субъектілері келтірілген шығындарды өтеуге сенім білдірген өнеркәсіп кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға қатысты шараларға баса назар аударды.
Дирекция басшысының айтуынша, бұл қызметкердің құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізуге байланысты шығындар.
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру бойынша операторы бола отырып, кәсіпорындардың өнеркәсіп шығындарын өтеуге өтінімдерін жыл бойы қабылдайды", - деп атап өтті Арыстанбек Сағиев.
Қорытындылай келе, дирекция басшысы дөңгелек үстел нәтижелері қазақстандық өнеркәсіптің ғылыми, технологиялық әлеуетін одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.