Жобалық тәсіл - өнеркәсіпті ынталандырудың жаңа шарасы

Бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған өнім өндірісін ұлғайту – еліміздің индустриялық саясатының басты мақсаты.

Өткен жылы қабылданған ҚР «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңы өнеркәсіптік кәсіпорындарға бағытталған. Осы құжатты іске асыру үшін тиімді өнеркәсіптік саясат қалыптастыру және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға арналған құқықтық негізді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер әзірленді.

Отандық кәсіпорындарды ынталандыру шараларының ішінде отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа тәсіл енгізілді.

Бұл туралы толығырақ «QazIdustry» Қазақстанды индустрия және экспорт орталығы» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы басшысының орынбасары Гүлнар Саукенова айтып берді.

 

- «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы бекітілген сәттен бастап өнеркәсіп саласындағы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді.

Индустрияландыруды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған 45-тен астам жаңа заңға тәуелді актілер әзірленді. Бүгін жоғарыда аталған Заңның жаңашылдықтарының бірі – Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімді талқылағымыз келіп отыр. Жаңа құжат туралы, оның не үшін әзірленгені туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

- Еліміздің индустриялық саясаты, соның ішінде, Үкіметпен көрсетілетін шаралар соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ұшырағаны бәрімізге белгілі. Мемлекеттің экономиканың барлық салаларын басым секторлар арқылы қолдау тізбесі ағымдағы жылы маусым айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бекітілген басым тауарларға дейін кеміді.

Мемлекет әртүрлі қаржылық және қаржылық емес құралдар арқылы кәсіпорындарға елеулі қолдау көрсетеді. Өкінішке қарай, бұл ынталандыру шараларының барлығын жүзеге асыру әртүрлі басқармалар мен қаржы институттарына жүктелген. Кәсіпкерлерге өз кәсіпорнының одан әрі дамуына серпін бола алатын осы сан алуан мүмкіндіктерге бейімделу өте қиын екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Осы Заңға («Өнеркәсіптік саясат туралы» автордың ескертуі) байланысты ұлттық институт тарапынан жеке жобалық менеджерге құқық беретін  бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру туралы уәкiлеттi органмен келiсiмге қол қою арқылы ынталандыру құралын енгiзу көзделген.

Келісім шеңберінде өнеркәсіпті ынталандыру шаралары бойынша кешенді консультациялық қолдау алу жай ғана кеңес беруді білдірмейді. Әңгіме компанияның қызметін бағалау әдістерін пайдалана отырып, жан-жақты қолдау туралы болып отыр.

 

 

 

- Бұл қолдауға кімдер үміткер бола алады?

- Қазіргі уақытта мемлекет шағын және орта бизнестің дамуына ерекше көңіл бөлуде. Олардың отандық өндіріс көлемін ұлғайту, елішілік құндылық үлесі мен жалпы экономиканы арттырудағы рөлі өте маңызды. Сондықтан, ШОБ субъектісі Келісім қатысушысы болып анықталды.

 

 

- Уәкілетті органмен келісімге қол қойғысы келетін ШОБ субъектілері үшін негізгі критерийлер қандай?

 

«Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру механизмі жоғарыда атап өткен басым тауарлар тізбесін басшылыққа алады. Бұл тізбе өңдеу өнеркәсібінің 3800 астам тауарынан тұрады. Осы тізбеден тауарлар өндіретін шағын және орта кәсіпорындар уәкілетті органмен Бәсекелестікті арттыру туралы келісім жасауға үміттене алады.

Компанияны одан әрі дамытуға ынталандыру өте маңызды деп санаймын. Қолдау шараларын көрсету тәжірибесі кәсіпкердің кәсіпорынды одан әрі дамытуға нақты көзқарасы маңызды рөл атқаратындығын көрсетеді.

Болашақта ынталандыру шарасының кәсіпорын үшін де, сала үшін де тиімділігі туралы айтуға болады.

 

 

- Ең басты сұрақ – «Бұл құралды іске асыру қашан басталады?»

-  Келісім жасасу үшін кәсіпорындарды іріктеу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды, ол өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шешімді Министрліктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ, QazIndustry сайтында жарияланады.

 

 

 

Бұйрыққа сілтеме: Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы -  "Әділет" ИҚЖ

 

«QazIndustry» АҚ баспасөз қызметі