QazIndustry Ақтөбе облысының бизнес-қауымдастығымен кездесті

2022 жылғы 15 қыркүйекте өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын қамтамасыз етудің шарттарын түсіндіру мақсатында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында Ақтөбе облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарына арналған семинар-кеңес өткізді. Семинарға 20-дан астам кәсіпорын қатысты.

Семинар барысында бас сарапшы Илмалиева Г.Б. одан әрі ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ облыстың өндірістік кәсіпорындарының проблемалық мәселелері, олардың өнімдерін өткізу кезінде кездесетін кедергілер және т.б. талқыланды. Қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Ақтөбе облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды:

- «Ақтөберентген» АҚ (сәулелену, электромедициналық және электр-терапевтік жабдықтар өндірісі);

- ТК ФАРМ АКТОБЕ (фармацевтикалық препараттарды өндіру);

- ТД АЗСМ Фотон (құрылыс материалдарын өндіру);

- «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ (бояғыштар мен пигменттер өндірісі);

- «Зерде керамика Актюбе» ЖШС (керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі);

- «FIBC Kazakhstan» ЖШС (биг-багтар мен вагондар, ленталар өндірісі);

- «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ (мұнай кәсіпшілік және бұрғылау барлау жабдықтарын өндіру).

Жоғарыда аталған кәсіпорындарды аралау барысында өкілдер өңірлік өндіріспен танысты, оның қорытындысы бойынша оларға мемлекет тарапынан қолдау ала алатын шығындар бойынша ұсынымдар берілді.

Өтініштер жыл бойы қабылданады.

Мемлекеттік ынталандырулар бойынша қосымша ақпаратты 8 (7172) 79 33 90 (ішкі 444) телефоны бойынша алуға болады.