Қызылорда облысы - Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан. Әкімшілік орталығы - Қызылорда қаласы.
Солтүстік-батысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданымен, солтүстігінде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданымен, шығысында Түркістан облысының Отырар, Созақ аудандарымен, батысында Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасымен, солтүстік-шығысында Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі.
Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылы 1 878,6 млрд теңге және бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда 1,3 есе өсті (1-сурет). Жалпы көлемдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 24% тең.
1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2021 жылы 808,6 млрд теңге, оның ішінде 192,6 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, оның үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 24%-ы. (2-сурет).
2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
2021 жылы Қызылорда облысының өзара сауда айналымы 418,2 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 349,2 млн АҚШ долларын, импорт - 69 млн АҚШ доллары. (3-сурет).
3-сурет. Қызылорда облысының 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өзара сауда айналымы
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
2010-2021 жылдары Индустрияландыру картасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Қызылорда облысында 196,3 млрд теңге сомасына 35 жоба пайдалануға берілді, 2,7 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.
Іске қосылған жобалардың ішінде өңдеуші өнеркәсіпке жалпы сомасы 152,1 млрд.теңгеге (77,4%) 28 жоба (80%) жатады, 2 283 (84,5%) тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Бұл ретте жобалардың ең көп саны азық-түлік өнімдерін өндіруде енгізілді – 12 жоба немесе 42,8%, инвестициялар көлемі бойынша өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі көш бастап тұр - 108,9 млрд теңге немесе 71,6%.
Өңірдің перспективада 2025 жылға дейін 5,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 664 млрд теңге сомасына 23 инвестициялық жобадан тұратын жалпы пул құрылады.
Биыл 11,4 млрд.теңге сомасына 258 жұмыс орнын құрумен 6 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2022 жылы енгізілгендердің арасында тамақ өнеркәсібі жобалары (4 жоба) көш бастап тұр.