QazIndustry "Digital system servis" ЖШС-не барды

 

«QazIndustry» АҚ өкілдері ағымдағы жылдың 3 қазанында электроника саласында өнім өндірумен, атап айтқанда маршрутизаторлар, коммутаторлар, телефон аппараттары, үй және офистік пайдалануға арналған тауарлар өндірумен айналысатын "Digital system servis" ЖШС-не барды.

Компания телекоммуникациялық және спутниктік жабдықтарды өндірудің заманауи жоғары технологиялық процесінің толық циклімен заманауи жабдықта өндірісті жүзеге асырады. Өнім өндірісінде электронды құрастыру және пластикалық бұйымдар шығаратын цех, сапаны бақылау және т.б зертханалар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, кәсіпорында әзірлеу бөлімі бар, өнім өндірудің барлық кезеңдерінде сапаны бақылау жүргізіліп, серіктестер үшін оқыту мен тренингтер ұйымдастырылады.

Кәсіпорынға бару аясында QazIndustry өкілдері заманауи талаптарға жауап беретін жаңа өнімді әзірлеу нәтижелерімен танысты. Сондай-ақ, акционерлік қоғам ұсынатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттары мен тетіктерін түсіндірді..