Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Qazindustry өкілдері «Самұрық-Қазына Келісімшарт» және «Қазатомпром «ҰАК» акционерлік қоғамдарының, Қазақмыс, Қазмырыш корпорациясының, KAZ Minerals Management және ERG Коммерциялық орталығының қатысуымен Шымкент қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындарына барды.
Көшпелі тур барысында делегация «New technology LTD» ЖШС, «ҚазЭлМаш» ЖШС, «KASPY STEEL» ЖШС, «ДДЭК» ЖШС, KARLSKRONA LC AB., өндіріс процесімен, сондай-ақ кәсіпорындардың шығарылатын өнімдерінің номенклатурасымен танысты.
Компания өкілдерімен кездесуде өнімді өткізу нарықтарын игеру және жер қойнауын пайдаланушы компанияларымен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу мүмкіндіктері қаралды.
Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен, сондай-ақ шығындарды өтеу механизмдерімен танысты.
Өз кезегінде қатысушылар дизельді және газ генераторларын өндіруші «New Technology Ltd» ЖШС, сондай-ақ «KASPY STEEL» ЖШС жоғары легирленген, ыстыққа төзімді және тот баспайтын болат өндірісіне қызығушылық танытты.
QazIndustry тұрақты негізде кәсіпорындар мен ірі тапсырыс берушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар жасасуға ат салысады, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп өндірістік кәсіпорындарға көшпелі турлар ұйымдастырады.
Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана, Павлодар, Алматы және Қарағанды қалаларының отандық өндіріс кәсіпорындарына көшпелі турлар ұйымдастырылып, барлығы 14 кәсіпорынға барды.
Кәсіпорындардың тізімі келесі критерийлер бойынша анықталады: жаңа өндіріс, өндірістік қуаттардың жүктемесі, тапсырыстармен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және өндірушінің өзі әлеуетті тапсырыс берушілерге өндірістің технологиялық процесін көрсетуге деген ұмтылысы.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарды аккредиттеу, сондай-ақ ірі тапсырыс берушілерді сатып алуға қатысу бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.
QazIndustry осындай көшпелі іс-шаралар тапсырыс берушілер (ірі операторлар) мен отандық жеткізушілер арасындағы іскерлік және сенімді әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті..