QazIndustry өкілдері LILO Group өнеркәсіптік кәсіпорнына барды

Ағымдағы жылдың 10 қазаны күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері LILO TOWEL бір реттік дымқыл сүлгілер шығаратын LILO Group өнеркәсіптік кәсіпорнына барды.

         QazIndustry қызметкерлері өндіріс және шығарылатын өнім номенклатурасымен, сондай-ақ заманауи технологиялық процестермен танысты.

LILO GROUP басшылығының хабарлауынша, компания жоғары сапалы, қауіпсіз және тиімді өнімдерге қойылатын ішкі және әлемдік талаптарға сәйкес сапалы өнімдерді шығарады. Компанияның негізгі мақсаты - қоғамға қоршаған ортаны қорғауға назар аударуға көмектесу, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге ұмтылу.

Бүгінгі күні компания бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында өндірісті жаңғырту бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Кәсіпорын өзіндік жұмыс үлесін ұлғайтуға және өндірісті тұрақты дамытып отыру арқылы тапсырыс берушіге сапалы өнім ұсынуға тырысады.

         LILO GROUP  кәсіпорны 2021 жылы құрылған. Жоғары сапалы өнімдердің, бірегей білімнің және мол тәжірибенің арқасында компания ЕАЭО нарығындағы жалғыз жеткізуші болып табылады.

Сапар қорытындысы бойынша QazIndustry өкілдері кәсіпорын шығындарын өтеу бойынша ұсынымдар беріп, өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктерін түсіндірді..