Маңғыстау облысы Қазақстан республикасының оңтүстік-батысында орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында теңіз арқылы Ресей Федерациясы, Әзірбайжан және Иранмен, оңтүстігінде Түрікменстанмен және шығысында Өзбекстанмен шектеседі.
Облыс аумағы 165,6 мың ш. км. Бұл, Қазақстан аумағының жалпы алаңының 6,1%-ы және республика өңірлерінің арасында жетінші орынды алады.
Маңғыстау облысының негізгі өнеркәсіптік мамандануы — бұл химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өңдеу өнімдері өндірісі, құрылыс индустриясы, металлургия өнеркәсібі және өнеркәсіп арасында көлік және логистика көш бастап тұр.
Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2021 жыл қорытындысы бойынша 2 726,7 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 187,6 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, оның өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 7% жетті (1-сурет).
1-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
2021 жылы Маңғыстау облысының өзара саудасының тауар айналымы 4 671,5 млн АҚШ долл. құрады. Соның ішінде, импорт
516,2 млн АҚШ долл. США, экспорт – 4 155,3 млн АҚШ долл. құрады (2-сурет).
2-сурет. Маңғыстау облысының өзара саудасының 2021 ж. тауар айналымы
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
Облыстың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2021 жылы 3 627 млрд теңгені құрады (3-сурет).
3-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
2010–2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Маңғыстау облысында сомасы 670,6 млрд теңге 61 жоба пайдалануға берілді, 6,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.
Енгізілген жобалардың ең жоғары саны Ақтау қаласында орналасқан – 34 жоба немесе
56 %, инвестиция көлемі бойынша да Ақтау қ. көш бастап тұр – 374,1 млрд теңге. Енгізілген жобалардың ішінен жалпы сомасы 210,2 млрд теңге 39 жоба өңдеу өнеркәсібіне жатады, 3 280 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Өңдеу өнеркәсібі жобаларының арасында енгізілген жобалар саны бойынша жалпы сомасы 52,2 млрд теңге құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібі (10 жоба немесе 26%) көш бастап тұр, инвестиция көлемі бойынша жалпы сомасы 64,4 млрд теңге 7 жобамен химия өнеркәсібі көш бастап тұр.
2025 жылға дейін өңір перспективасында 3,8 мыңнан артық тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 1,1 трлн теңге инвестициялық жобадан ортақ пул қалыптастырылды.
Биыл 557 жұмыс орнын ашумен сомасы 18,8 млрд теңге 9 жобаны іске қосу жоспарланған, соның ішінде, қазіргі уақытта жалпы сомасы 2,5 млрд теңге 3 жоба енгізілді, 125 тұрақты жұмыс орны ашылды.
2022 жылы өңірде енгізілген негізгі сала машина жасау саласы болып табылады. Осылайша, кәсіпорындар насос жабдығы, муфт, шыныпластик дайын өнімдер және басқа да өнімдер өндірісін жолға қоюды жоспарлауда.