Siemens цифрлық кәсіпорындарды құруға көмектеседі

Ағымдағы жылдың мамыр айында Siemens пен QazIndustry арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылған. Оның негізгі мақсаттарының бірі еліміздегі өнеркәсіптік секторы өкілдерінің цифрлық өнімдермен жұмысындағы құзыреттерін арттыру, осы бағыттағы жобаларды бірлесіп табысты іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Бүгінгі күні Siemens Digital Industries Software жобалау, өндіріс және қызмет көрсету түрлерінің жаңа, заманауи критерийлерге сәйкес келетін толықтай цифрлық кәсіпорын құру үшін компанияларға қайта құру, жаңғыру жұмыстарына көмектеседі.

Жаңа аймақтарда жұмыс жүргізу мақсатында Siemens UCCA (Украина, Кавказ, Орталық Азия) клиенттерімен жұмыс жүргізуді бастауда. Клиенттерге тікелей және жергілікті серіктестер желісі арқылы қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Siemens Digital Industries Software компаниясының UCCA аймағындағы стратегиясы жақында іске қосылған Siemens Xcelerator - цифрлық трансформацияны жеделдету және өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларда тұтынушыларға арналған ашық цифрлық бизнес платформасымен тығыз үйлеседі. Бизнес-платформа цифрлық трансформациялауды жеңілдетіп, жылдам және ауқымды етеді. Siemens Xcelerator интернеттік қамтамасыз ету арқылы, серіктестердің белсенді дамып келе жатқан экожүйесін, сондай-ақ, клиенттер, серіктестер және әзірлеушілер арасында өзара іс-қимыл мен транзакцияларды жеңілдету үшін озық онлайн платформаны қолдаумен мұқият таңдалған жабдық портфелін, бағдарламалық қамту мен цифрлық қызметтерді қамтиды.

UCCA өңірінің бизнес-директоры Павел Гончаров: «Цифрлық трансформациялау – сөзсіз, біздің болашағымыз! UCCA өңірі біз үшін маңызды және біз болашаққа сеніммен қарап, компанияларға өз салаларында және нарықта үздік болуға қалай көмектесуге болатынын түсінеміз. Siemens Xcelerator компанияларға цифрлық трансформациялауды бұрынғыдан тезірек және ауқымдырақ етіп, қызметтерін жеңілдетеді. Нақты және цифрлық әлемді біріктіре отырып, біз клиенттер мен серіктестерге өнімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және инновацияларды масштабтауға мүмкіндік береміз».

Xcelerator компанияларға цифрлық «егіздер» жасауға және пайдалануға көмектеседі, олар клиенттерімізді өз бизнесін трансформациялау үшін бірегей құралдармен қамтамасыз етеді. Siemens Digital Industries Software өнімдері мен қызметтері туралы қосымша ақпарат алу үшін siemens.com/software сайты арқылы, сондай-ақ LinkedIn, Twitter, Facebook және Instagram парақшаларына жазылу арқылы немесе тікелей  Ұлыбританиядағы Siemens еуропалық штаб-квартирасындағы UCCA өңірінің бизнес-директоры Павел Гончаровқа pavel.goncharov@siemens.com хабарласуға болады.