QazIndustry өкілдері ВМП Астана зауытына барды

Ағымдағы жылдың 20 қазанында "QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ өкілдері еуропалық деңгейдегі заманауи индустриялық лак-бояу жабындарын шығаратын бірегей жоғары технологиялық өнеркәсіптік кәсіпорынға барды.

Қатысушыларға заманауи жабдықтар, автоматтандыру жүйесі және өнім сапасын бақылау жұмыстары көрсетілді. Сондай-ақ, металл және бетонды ұзақ мерзімді қорғауға, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған зауыт өнімдерімен танысты.

Өз кезегінде QazIndustry қызметкерлері өңдеуші өнеркәсіп экономикасы секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы ақпарат беріп,  кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау ала алатын шығындарына қатысты бірқатар ұсынымдар ұсынылды.

Айта кететіні, зауыт шығаратын лак-бояу материалдары халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Ғылыми тәсілдер, озық өндірістік кешен және білікті персонал жоғары сапалық өнім шығаруға және әлемдік жетекші өндірушілермен тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуде..