2022 жылғы 21 қазанда "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ өкілдері мен "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы бірлесе Қарағанды облысына іс-сапармен барды.
Сапар аясында облыстағы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өнеркәсіптік кәсіпорындармен мемлекеттік ынталандыру шаралары талқыланды. Семинар-кеңеске 50 ден астам кәсіпорын өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының негізгі шарттары мен тетіктері жайлы ақпарат берді.
QazIndustry өкілдері QazTechna кәсіпорнына барып, өндіріс технологияларымен және шығарылатын өнім ассортиментімен танысты. Сондай-ақ өнеркәсіпті одан әрі жаңғыртуға және цифрландыруға ықпал ететін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты жеткізді.
Компания заманауи, жоғары технологиялық, экологиялық таза, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін жолаушылар автобустары мен электр автобустарын, карьерлік және құрылыс-жол техникасын шығарады.
Келесі нысан Қарағанды құю-машина жасау зауыты болды. 1940 жылы негізі қаланған зауыт Қазақстанның ірі машина жасау зауыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорынның қуатты өндірістік базасы бар. Ол жобадағы идеяны жүзеге асырудан бастап дайын нысанды тапсырғанға дейін бұйымдарды өндіру кезінде әрбір тапсырыс берушінің сұраныстарын барынша қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарға бару және жұмысшылармен кездесу барысында, акционерлік қоғам өкілдері шығындарды өтеу бойынша ұсынымдар берді. Атап айтқанда, құзыреттілікті арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша тиісті ақпараттар жеткізілді..