Ағымдағы жылдың қазан айында QazIndustry өкілдері Өскемен қаласының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды.
Көшпелі іс-шараға ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің өкілдері және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, Қазақмыс корпорациясы, Қазмырыш, Шығыстүстімет сияқты ірі тапсырыс берушілер қатысты.
Сапар барысында өкілдер "БАК" ЖШС, "Ульба-Электро "ПКФ" ЖШС, "MSK Group KZ" ЖШС, "Восток Композит"ЖШС кәсіпорындарына барып, өндіріс процесімен, сондай-ақ кәсіпорындар шығаратын өнімдер номенклатурасымен танысты.
Әлеуетті тапсырыс берушілер тарапынан "Ульба-Электро "ПКФ" ЖШС шығаратын электротехникалық жабдықтар, сорғыларды басқару шкафтары өндірісі қызығушылық тудырды.
Тараптар арасында өнімді өткізу нарықтарын игеру және ұлттық компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттар жасасу мүмкіндіктері қаралды.
QazIndustry тұрақты негізде кәсіпорындар мен ірі тапсырыс берушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар жасасуға ат салысады, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп өндірістік кәсіпорындарға көшпелі турлар ұйымдастырады. Осылайша, 2022 жылдың басынан Астана, Қарағанды, Павлодар, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардағы өндіріс кәсіпорындарына көшпелі турлар ұйымдастырылып, барлығы 19 кәсіпорынға барды. Мұндай іс - шаралардың басты мақсаты ірі операторлар мен отандық жеткізушілер арасындағы іскерлік және сенімді әріптестік қатынастарды нығайту.
Кәсіпорындардың тізімі келесі критерийлер бойынша анықталады: жаңа өндіріс, өндірістік қуаттардың жүктемесі, тапсырыстармен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және өндірушінің өзі әлеуетті тапсырыс берушілерге өндірістің технологиялық процесін көрсетуге деген ұмтылысы..