Ағымдағы жылдың басынан бері "QazIndustry" АҚ цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша 12 оқыту вебинарын өткізді. Іс-шаралар Қазақстанның 18 өңірінен 235-ке жуық өнеркәсіптік кәсіпорынды қамтыды. Сонымен қатар, вебинарларға 10 мемлекеттік органның, 20 IT-компанияның, 11 ұлттық компанияның, 2 білім беру мекемесінің, 2 байланыс операторының өкілдері қатысты.
Вебинарларға қатысуға жалпы саны 414 адам тіркелген. Олардың айтарлықтай үлесі әртүрлі деңгейдегі басшылық құрам өкілдері. Бизнестің тиімділігі өндіріс пен басқару процестерінің тиімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, басшылық құрамның осындай іс-шараларға қатысудағы маңыздылығы артып отыр.
Вебинарлар барысында спикерлер ретінде өндірістік процестерді цифрландыру саласындағы шетелдік және отандық сарапшылар болды. Жүргізілген талдау нәтижелері қатысушылар тарапынан цифрлық ойлау, өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық жетілдіру, өндірістегі кайдзен, персоналдың цифрлық құзыреттілігі тақырыптары үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетті.
Сондай-ақ, вебинарлардан бөлек, Алматы және Жетісу облыстары, Алматы және Павлодар қалалары кәсіпорындарының өкілдері үшін оқыту семинарлары өткізілді. Бұл іс-шаралар жалпы 105 қатысушыны қамтыды, олардың ішінде 60 қатысушы әртүрлі деңгейдегі басшылар болып табылады.
"QazIndustry" оқыту іс-шараларын кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту бағытын дамыту және өнеркәсіп саласындағы білім беру және ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында өткізеді. Қатысушылардың қызығушылықтарын және оң пікірлерін ескере отырып, 4.0 индустриясын насихаттау бойынша оқыту іс-шаралары келесі жылы жалғасатын болады.