Қостанай облысының өнеркәсіптік дамуы

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстікте және солтүстік-батыста Ресей Федерациясының үш облысымен (Қорған, Челябинск, Оренбор), оңтүстік-батыста Ақтөбе, оңтүстік-шығыста Қарағанды, шығыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Өңір индустриялық-аграрлық бағытта жұмыс істейді.

         Облыс аумағының алаңы 196 мың ш. км, бұл, республиканың барлық алаңының 7,2% құрайды. Алаң бойынша алтыншы орында тұр.

Қостанай облысының негізгі салалары — ауыл шаруашылық және  өнеркәсіп.

Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2021 жыл қорытындысы бойынша 2 333 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 1 157 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, оның жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі  50% жетті (1-сурет).

 

1-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі,  %

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

 

Статистикалық деректерге сәйкес Қостанай облысының сыртқы сауда көлемі 2021 жылы 4 292,4 млн АҚШ долл. құрады. Соның ішінде импорт 2 042,9 млн АҚШ долл., экспорт – 2 249,5 млн АҚШ долл. құрады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылы 3 516,2 млрд теңгені құрады (2-сурет).

 

2-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млн теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

2010–2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы мен кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Қостанай облысында сомасы 221,4 млрд теңге 104 жоба пайдалануға берілді, 6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Енгізілген жобалардың ішінде жалпы сомасы 156,1 млрд теңге         72 жоба өңдеу өнеркәсібіне жатады, 5 740 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, жобалар саны, сондай-ақ, инвестиция көлемі бойынша енгізілген өңдеу өнеркәсібі жобаларының арасында жалпы сомасы 57,3 млрд теңге азық-түлік өндірісі (48 жоба немесе 66%) көш бастап тұр.

Өңір перспективасында 2025 жылға дейін 8,8 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 1,3 трлн теңге 51 инвестициялық жобадан тұратын жалпы пул қалыптастырылды.

Биыл 907 жұмыс орнын ашумен сомасы 20,2 млрд теңге 5 жобаны іске қосу жоспарланған, соның ішінде,  қазіргі  уақытта жалпы сомасы      5 млрд теңгеден артық 2 жоба енгізілді, создано 122 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Машина жасау  саласы өңірде 2022 жылы енгізілген жобалардың негізгі саласы болып табылады.