Мұнай-газ химиясы саласында құны 990 миллиард теңге болатын жоба іске қосылады

"QazIndustry" «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА) координаторы ретінде, оларды дамыту, ілгерілету және инвестициялық тартымдылықты арттыру жұмыстарын жүргізеді.  Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 АЭА жұмыс істейді.

Өңдеу өнеркәсібінде АЭА жұмыс істеген уақыттан бастап өндіріс көлемі 5,8 триллион теңгені құрады. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ғана 700 миллиард теңгеге өнім өндірілген.

Ағымдағы жылдың қараша айында мұнай-газ химиясы саласында елімізде баламасы жоқ жобаны іске қосу жоспарлануда. Атырау облысында "ҰИМТ" АЭА аумағында қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС кәсіпорны іске қосылады. Жобаның құны 990 миллиард теңгені құрады. Жобаны іске асырудың арқасында өңірде 600-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

АЭА аумақтарында бүгінгі күні шетелдік қатысумен 67 жоба жүзеге асырылуда. 25 жоба іске асыру сатысында. Барлық 13 АЭА жұмыс істеген уақыт ішінде өндіріс көлемі 5,8 триллион теңгеге жеткен. Аймақтарда өндірілетін барлық өнімнің 75% (4,4 трлн теңге) "Астана-жаңа қала"АЭА-ға тиесілі.

АЭА қатысушылары өндіретін өнім әлемнің 18 еліне экспортталады. Салықтан түскен кірістер АЭА инфрақұрылымын салуға жұмсалған шығындардың 77 пайызын өтеген.