«QazІndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жер қойнауын пайдаланушылардың қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі есептерді ұсыну тәртібі бойынша кеңес беру шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шара шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың есептерді ұсынуын бақылайтын нормативтік-құқықтық актілер қарастырылып, есеп беру, тексеру және оны тапсыруды қалыптастыру бойынша теориялық және практикалық дағдылар, жұмыс регламенті және мемлекеттік тізілім жүйесінің ерекшеліктері таныстырылады.
Семинар 15 желтоқсан күні сағат 10.00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 17 мекенжайында өтеді. Сондай-ақ, іс-шараға онлайн форматта, ZOOМ платформасы арқылы қосылуға болады. Семинар бағдарламасы қоса беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 79-33-90 телефоны бойынша хабарласуға болады.