«НҰР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС

ТОО «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ»

«НҰР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында инфузиялық және инъекциялық ерітінділердің жетекші отандық өндірушісі. Алматы қаласында орналасқан зауыт дәрілік заттарды өндіруге қойылатын заманауи талаптарға сәйкес 2006 жылы салынып,  пайдалануға берілген. Компания жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын фармацевтикалық өнімдерді шығарумен айналысады.

Қазіргі уақытта компания «СК-Фармация» ЖШС және Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерімен жасалған келісім-шарттар шеңберінде дәрілік заттарды жеткізуді жүзеге асырады. Компания шығаратын ерітінділер GMP сертификаттары бар өндірушілердің бастапқы материалдарын, өнімді өндіру мен сақтаудың әр кезеңінде қатаң сапаны қамтамасыз ету және бақылау жүйесін, жетекші еуропалық және америкалық өндірушілердің заманауи өндірістік және зертханалық жабдықтарын пайдалану арқылы қамтамасыз ететін жоғары сапаға ие. «НҰР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС өнімдерінің ассортименті қазіргі уақытта дәрілік заттардың 70-ке жуық атауын құрайды.

2021-2022 жылдары еңбек өнімділігін арттыру шеңберінде зауыт «QazIndustry» АҚ ұсынатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланды. Бұрын технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған қаражатты мемлекет 40% көлемінде өтеп, кәсіпорынның қосымша ресурстарына және оның жұмысқа қабілеттілігін арттыруға қайта инвестициялады.