Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан. Өңір бірегей минералды-шикізат базасына ие.
Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылғы қаңтар-маусымда 1 825,5 млрд теңгені құрады және 2017 жылдан бастап 2021 жыл аралығында 1,5 есе өсті (20-сурет). Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі 3,1% немесе 56,7 млрд теңгеге тең.
20-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
2022 жылғы 01 қазанда Батыс Қазақстан облысында 9 474 жұмыс істейтін заңды тұлға, соның ішінде, 9 160 шағын (96,7%), 232 орта (2,4%) және 82 ірі кәсіпорын (0,9%).
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санынан 428 (404 шағын, 16 орта және 8 ірі кәсіпорын) өңдеу өнеркәсібіне жатады, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 4,5% құрайды.
Өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3 093,9 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 193,5 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, оеың жалпы өнеркәсіп өндіріс көлеміндегі үлесі 6,3% жетті (21-сурет).
21-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялыққ жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Статистикалық деректерге сәйкес Батыс Қазақстан облысының сыртқы саудасы 2022 жылғы қаңтар-маусымда 4 303,4 млн АҚШ долл. құрады. Өңірдің тауар айналымы құрылымында экспорт басым – 90,4% немесе 3 891,7 млн АҚШ долл., импорт – 9,6% немесе 411,7 млн АҚШ долл.
Экспорт көлемі бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның басқа өңірлері арасында 3-ші орында және 9,2% үлесті құрайды.
2010–2021 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде сомасы 360,4 млрд теңге 72 жоба пайдалануға берілді, 6 мыңнан артық тұрақты жұмыс орны ашылды.
Енгізілген жобапардың көбісі Орал қ. орналасқан – 43 жоба, инвестиция көлемі бойынша Бөрлі ауданы бірінші орында – 249,6 млрд теңге. Сонымен қатар, жобалардың ең көп саны азық-түлік өндірісіне енгізілген – 21 жоба, инвестиция көлемі бойынша кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі көш бастап тұр – 45,3 млрд теңге.
Өңір перспективасында тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 6,4 млрд теңге мыңға жуық 33 инвестициялық жобадан тұратын өңдеу өнеркәсібінің жалпы пулы қалыптастырылды.
Жыл басынан сомасы 820 млн теңге 8 жоба енгізілді. Жыл соңына дейін сомасы 1,1 млрд теңге 6 жобаны іске қосу жоспарланған.
2022 жылы енгізілген жобалардың негізгі салалары құрылыс индустриясы, машина жасау және тамақ өнеркәсібі. Осылайша, кәсіпорындар керамикалық кірпіш, жұмыр кран, клапан, ысырма, комбикорм және т.б. өндірісін жолға қоюды жоспарлауда.