Композиттік арматура - отандық құрылыс нарығында салыстырмалы түрде жаңа пайда болған материалдардың бірі. Ол негізінен бетон беттері мен бұйымдарды бекіту, нығайту мақсатында қолданылады.
Материал шыны талшықтар негізінде жасалады және болат арматураны алмастыру ретінде пайдаланылады. Бүгінгі таңда өнімдер азаматтық, өнеркәсіптік және жол құрылысында кеңінен қолданылады.
Болат арматурамен салыстырғанда композициялық арматураның беріктігі, жылу өткізгіштігі, тығыздығы, өнім бағасы сияқты артықшылықтары бар, бұл осы сегменттің даму әлеуетін көрсетеді.
Бүгінгі таңда өнімнің өсу резерві 45,6 млн. АҚШ долларын құрайды. Жаңа өндірісті іске қосу жабдықтарды, орналасу жері, ғимараты және тағы басқа факторлардың құнына байланысты шамамен 2 - 2,2 млн. АҚШ долларына бағаланады.
Өнімнің ішкі қажеттілігі негізінен сырттан әкелінетін өніммен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі өнім жеткізушілер Ресей (71% - импорттың жалпы көлеміндегі үлесі), Беларусь (7%) және Өзбекстан (5%) елдері болды. Отандық өндірісте бұл бағыттағы қызметті "Карат" ЖШС, "Керемет 07" ЖШС, "KazKompozit" ЖШС және т. б. компаниялар ұсынады.