2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде пластикалық терезелер экспортының көлемі 2,5 есе өсті. Бұл көрсеткіш негізінен Өзбекстан еліне экпсорттың ұлғаюына байланысты (+3 есе) болып отыр. Қазақстандық өнімге деген сұраныс Өзбекстандағы тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі жөніндегі реформалардың жаңа кезеңімен түсіндіріледі. Мәселен, Өзбекстан Президентінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № УП-33 "Нарықтық қағидаттардағы ипотекалық кредиттер есебінен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Жарлығына сәйкес пәтерлерді сатып алуға, сондай-ақ жеке тұрғын үйлерді салуға және реконструкциялауға 2022 жылы 43 000 млрд сома (3,8 млн. АҚШ) бөлінген.
Пластикалық терезелердің негізгі отандық өндірушілері "Столичная стеклопакетная компания" ЖШС (Астана қ.), "Казстростекло" ЖШС (Алматы қ.), "Стекло Сервис" ЖШС (Орал қ.), "СтеклоМир" ЖШС (Павлодар қ.), "Интурсервис-Пульс" ЖШС (Павлодар қ.) болып табылады.
1 кесте. Пластикалық терезелер экспортының көлемі
|
2021 ж. 9 айы |
2022 ж. 9 айы |
Өсім |
Экспорт көлемі, тонна |
825,5 |
2 082 |
+2,5 есе |
Узбекистан |
323 |
965 |
+3 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК