2022 жылдың 11 айында елімізде резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің көлемі 38,1% - ға артып, 370,1 млрд теңгені құрады.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде негізгі үлесті пластмасса тақталар, табақтар, құбырлар мен профильдер – 46,1%, құрылыс бұйымдары – 20,0%, тауарларға арналған пластмассалық қаптамалар – 14,9%, өзге де пластмасса бұйымдары – 14,5 %, өзге де резеңке бұйымдар – 4,5% құрады.
Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында номиналды мәнде резеңке және пластмасса өнімдерінің экспорты 54,6% - ға ұлғайып, 137,9 млн. АҚШ долларын құрады. Негізгі имортерлер ретінде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдері болды.
Ағымдағы жылдың 10 айында резеңке және пластмасса бұйымдарының ішкі тұтыну нарығының көлемі 21,2% - ға өсіп, 1 трлн теңгеден асты, онда отандық өндіріс өнімдерінің үлесі 26,2% - құрады.
Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі көлемінің негізгі үлесі Алматы облысы (22,3%), Астана (17,8%) және Алматы (13,9%) қалаларына тиесілі. Саладағы ірі кәсіпорындар "Полимер Продакшн" ЖШС, "Асыл Арман" ЖШС (Новопэк) - тауарларға арналған пластмасса қаптамаларын өндірушілер, сондай-ақ "Пласт - Инжиниринг" ЖШС-өзге де пластмасса бұйымдарын өндіретін кәсіпорын болып табылады.
Айта кетейік, резеңке және пластмасса бұйымдары автомобиль және электроника өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өндірісінде, фармацевтика өнеркәсібінде, ойыншықтар, спорт тауарлары мен тұрмыстық электр аспаптары өндірісінде жоғары сұранысқа ие.