2023 жылғы 11 қаңтарда "QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы"АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетімен бірлесе қаржы институттарына арналған "елішілік құндылық" ұғымын және отандық тауар өндірушілерді қолдау және дамыту бағытындағы жұмыстарды түсіндіру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.
Елішілік құндылық-бұл өндірістің жалпы көлеміндегі ішкі нарықта өндірілген тауарлар мен орындалған жұмыстар мен қызметтердің пайыздық мөлшері болып табылады.
"QazIndustry" елішілік құндылықты дамыту аясында ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу бөлігінде жәрдем көрсетеді.
Семинар барысында министрлік өкілдері отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне қолайлы әсер ететін елішілік құндылықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы туралы хабардар етілді. Аталмыш бағдарлама экспорттық әлеуетті ұлғайту перспективасымен өндірілетін және өңдеуші өнеркәсіптің жаңа өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аудара отырып дайындалған.