Қарағанды облысы – Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік және индустриялық өңір. Өңірдің минералды-шикізат базасы мыс және вольфрам қорларына, сондай-ақ, көмір, қорғасын, мырыш, темір, марганец, сирек металдардың ірі кен орындарына бай. Қарағанды көмір бассейні республиканың металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кокстенген көмірдің негізгі жеткізушісі болып табылады.
Тау-кен өндіру, қара және түсті металлургияны дамыту өңірде металлургия комбинаттарының өнімдерін өңдеуге бағытталған машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарын құруға әкелді.
Сонымен қатар, мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия және фармацевтикалық сала, металл емес құрылыс материалдары өндірісі дамуда.
Қарағанды облысы елдің ғана емес, Еуразия континентінің дәл ортасында орналасқан, яғни, көлік (негізінен, транзит) және логистика сияқты заманауи экономиканың бағытын дамытуға арналған басымдықтарға ие. Қарағанды облысының табиғи-климаттық жағдайлары аграрлық сектордың дамуына жақсы әсер етеді. Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің жалпы көлемінде Қарағанды облысының үлесі 2021 жыл қорытындысы бойынша 9,4% немесе 7,7 трлн. теңгені құрады және Қазақстан өңірлері арасындағы рейтингте 4 орынды алды. Өңірдің ЖӨӨ құрылымында ең жоғары үлесті өнеркәсіп (49,5%), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу (15%) және құрылыс (5,2%) құрайды.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп құрылымында 2021 жыл қорытындысы бойынша Қарағанды облысының үлесі 11,6% құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 0,6% жақсарып, еліміз бойынша Атырау облысынан кейін 2-орынға иеленді.
Қарағанды облысының өнеркәсібін дамыту динамикасын талдау 2017‑2021 ж.ж. өнеркәсіптік өндіріс көлемі 87,8% өскендігін және 2021 жылы 4,4 трлн теңгені құрағандығын (2017 жылы - 2,3 трлн теңге) көрсетті. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 2021 жылы 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 100,9% құрады, индекстің өсуі негізінен өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісі көлемінің ұлғаюына байланысты, оның өңір өнеркәсібінің құрылымындағы үлесі 79,4% (3,5 трлн. теңге) құрады. 2021 жылы өңірдің өңдеу өнеркәсібіне металлургия өндірісі (78,8%), машина жасау (5,7%), азық-түлік өндірісі (4%) қатысты.
2021 жылы өңірмен негізгі капиталға 809,1 млрд теңге инвестиция игерілді, бұл, жалпы ел көлемінің 6,1% құрайды. Өңдеу өнеркәсібі құрылымында ең жоғары инвестиция көлемі металлургия (75,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (13,9%) және машина жасау (4,6%) өндірісіне салынды.
Салалардың дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі – өңдеу өнеркәсібінің негізгі құрал-жабдықтарының тозу дәрежесі, ол 43,1% құрады. Сонымен қатар, негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту коэффициенті 8,3% тең, бұл, орташа республикалық деңгейден төмен; ал, негізгі құрал-жабдықтарды жою коэффициенті өте төмен, бұл, негізгі құрал-жабдықтарды, әсіресе, бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында өндірістік процеске арналған жабдықты жаңғырту қажеттілігін білдіреді.
Қарағанды облысы өңдеу өнеркәсібінің 119 тауарын (көпжелілі сымдар, қара металлдан жасалған трос, арқан,дар баулар; қоспасыз болат құймалар, көміртекті болаттан жасалған жартылай фабрикаттар (қоспасыз); қолданбалы шойын, қоспасыз салқын илектелген болаттан жасалған жалпақ прокат және т.б.) өндіру бойынша ел ішінде 3 үздік қатарына енеді.
Қарағанды облысының жалпы сауда айналымы 2021 жылы 8,4 млрд АҚШ долл. құрады (экспорт – 73,8%, импорт – 26,2%).
Тауарлар экспорты бойынша Қарағанды облысы Атырау облысынан кейін 2-ші орында және нетто-экспорттаушы болып табылады.
Қарағанды облысының экспорт бойынша негізгі сыртқы серіктестері Қытай (34,8%), Ресей (29,7%) және БАӘ (8,8%), мыс және одан жасалған бұйымдар («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС), металлопрокат, көмір, қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттар («АрселорМиттал Теміртау» АҚ), асыл металдар, ферроқртпалар, мыс, мырыш және темір кендері, винилхлорид полимерлері, карбид, ұн, маргарин импортқа жіберілді.
Экспорты 100 мың АҚШ долл. асатын тауар позицияларының саны 182 бірлікке жетті.
Тауарлар импорты бойынша Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының өңірлері арасында 5 орында. Неғұрлым импортталатын тауарлар: машиналар және жабдық, негізгі металдар, химиялық заттар және өнімдер, кокс және мұнай өңдеу өнімдері, фармацевтикалық өнім, резеңке және пластмасса бұйымдар. Өңірдің негізгі сауда серіктестері Ресей (61,6%), Қытай (9,9%), Германия (3,6%) және т.б. Импорты 100 мың АҚШ долл. асатын тауар позицияларының саны 1 133 бірлікке жетті.
Қарағанды облысының көрші елдермен ортақ шекарасы жоқ, дегенмен өңір әлемнің 100 астам елімен белсенді ынтымақтастықта. 2021 жылы облыс өз өнімін әлемнің 63 еліне жеткізді, ал, импорт 108 елден жүзеге асырылды.
Қазақстанның басқа өңірлерінің арасындағы жоғары рейтингке Қарағанды облысы негізінен түсті және қара металлургия өнімінің экспорты арқылы қол жеткізді (1- сурет).
1-сурет. 2021 ж. Қарағанды облысы өнімінің экспорты, %
Дереккөз: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы
Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуда перспективті бағыттарды анықтау мақсатында Қарағанды облысының экспорттық тауарлары төмен-, орта- және жоғары технологиялық тауарларға жіктелген.
Қарағанды облысының экспорттық құрылымын талдау нәтижелері экспорттың негізгі үлесін (барлық экспорттың 65,7%) қайта өңдеу дәрежесі төмен өнім (қайта бөлудің төмен деңгейі), 33,9% - қайта бөлудің орташа деңгейі және қайта бөлу деңгейі жоғары өнім 0,4% құрайтындығын көрсетті.
Осыған байланысты, өңір автомобиль- және машина жасау саласы, резеңке пластмасса бұйымдары, электр жабдығы, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, басқа да металл емес минералды өнім, машиналар мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдар, жиһаз салаларында шығыс материалдарын терең өңдеуді талап ететін дайын тауарлар, соның ішінде, жоғары технологиялық тауарлар өндірісін кеңейту қажет.
Қарағанды облысының кәсіпорындары мен басқа елдер арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуда Орталық Азия, Орта және Таяу Шығыс өңірлерін перспективті бағыттар деп қарастыруға болады.
Қарағанды облысының моноқалаларын талдау олардың көпшілігінің экономикалық жағдайы жүйеленген тәсілді қолдану және жеке қалалық білім ерекшелігін есепке алмауға байланысты өңірлік саясат шараларының төмен тиімділігін көрсетті. Осы себепке байланысты барлық моноқалаларда жалпы жүйелі проблемалар кездеседі:
- халық санының азаюы жалғасуда; халық санының азаюымен бірге жұмыс күші азаюда және халықты жұмыспен қамту төмендеуде;
- моноқалалардың экономикасы қызметі пайдалы қазбаларды өндіруге негізделген қала құраушы кәсіпорындарға өте тәуелді;
- инженерлік-көлік инфрақұрылымы (су құбырлары, жылыту желілері, электр желілері, канализация) жағдайының нашарлауы, бұл халықтың өмір сапасына әсер етеді; автомобиль жолдары сапасының төмен болуы;
- моноқалалардағы «лас өндірістер» қызметінің салдарынан қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығының нашарлауы.
Қарағанды облысы 2022 жылға дейін ең урбанизацияланған өңір (80%) болды. Облыста 11 қала (Абай, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозёрск, Сарань, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск) болды, соның ішінде, 2 аудандық маңызы бар (шағын қалалар) және 9 облыстық маңызы бар (8 «моноқала» мәртебесімен). Онда облыстың 41,8% халқы тұрды.
2022 жылғы 08 маусымда Ұлытау облысын құру туралы Қазақстан Республики Президентінің жарлығымен Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары Қарағанды облысының құрамынан шығарылды.
2017 - 2021 ж.ж. Қарағанды облысында және әсіресе моноқалаларда халықтың басқа елдерге және Қазақстанның ірі қалаларына кетуінің тұрақты динамикасы атап өтілді.
Моноқаланың өнеркәсіптік әлеуетінің деңгейі бойынша төмендегідей жіктеледі: «жоғары технологиялық дамумен» – Теміртау; «әлеуметтік-экономикалық саланың күшейтілген дамуы» – Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев; «тұрақтылық облысы» – Сарань, Шахтинск, Абай; «тоқырау облысы» – Қаражал.
Моноқалалардың негізгі қала құраушы кәсіпорындары: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (болат және көмір департаменттері); бөлімшелерімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС; «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ; «Өркен» ЖШС; «Karazhal Operating» ЖШС; «Kazcentrelectroprovod» ЖШС; «SES SARAN» ЖШС және «Құрылысмет» ЖШС.
2021 жыл қорытындысы бойынша өңірдің моноқалаларында өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы көлемі 81,3% өсті және 3 042,1 млрд теңгені немесе Қарағанды облысының жалпы өндіріс көлемінің 71,3% құрады.
Өңірдің моноқалалары арасында өнеркәсіп құрылымында жетекші орындарда Теміртау (34,1%), Жезқазған (16,7%) және Балқаш (13,9%).
Өнеркәсіптік өндірісі ең төменгі деңгейге дейін қысқарған моноқалаларды да атап өткен жөн – Саран және Шахтинск қалалары, олардың құрылымдағы үлесі облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінің 1% құрады.
Қарағанды облысының шоғырлану деңгейінің көрсеткіштері төмендегідей: тасымалдау көлемiндегi ең жоғары көрсеткiш – елдiң жүк тасымалының жалпы көлемiндегi 20,6% және өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны бойынша – елдегі өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 12,7%. Көрсеткіштер деректері бойынша облыс елдің жалпы құрылымында жетекші орын алады.
Ең төменгі көрсеткіш өңір аумағындағы негізгі капитал бойынша белгіленді – 4%, бұл елдің жалпы құрылымында өңірлер арасында 7-ші орында.
Жалпы алғанда Қарағанды облысының экономикасы Қазақстан Республикасының экономикасында концентрацияның жоғары деңгейімен сипатталады.
Сонымен қатар, өңір экономикасының концентрация деңгейін бағалау Херфиндал-Хиршман концентрация индексін есептеу арқылы жүргізілді, ол 2017-2021 ж.ж. Қарағанды облысы концентрацияның бірқалыпты (орташа) деңгейін көрсетті.
Экономика концентрациясы деңгейінің ұлғаюы 2019‑2021 ж.ж. өңір эконмикасында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі үлесінің ұлғаюымен байланысты екендігін атап өткен жөн.
Өңір экономикасын әртараптандыруға талдау жүргізу және ұлттық экономикамен салыстыру үшін Хэчман коэффициенті пайдаланылды, оның негізінде локализация коэффициенті жатыр.
Қарағанды облысында 2017‑2021 ж.ж. Хэчман коэффициенті 0,68-ден 0,71 дейін өзгеріп отырады, бұл, өңір құрылымының жалпы ел экономикасының құрылымына жақын емес екендігін білдіреді және шамамен бір деңгейде қалады. Локализация коэффициенті өңірдегі белгілі бір саланың шоғырлануын есептеуге мүмкіндік береді, 1-ден жоғары мән мамандану индикаторы болып қызмет етеді. Талдау сумен қамтамасыз ету; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануға қарсы қызмет; өңдеу өнерәсібі; электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және қалыпқа келтірілген ауамен қамтамасыз ету Қарағанды облысының 2021 жылғы мамандануы екендігін көрсетті.
Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібінде төмендегі өнім түрлерінің өндірісі тауашалы бағыттар болуы мүмкін: қол аралар, барлық түрдегі араларға арналған қалақтар; металл прокат орнақтар және оларға арналған валкалар; шиналарға арналған полиамидті, полиэфирлі кордты материалдар; құбырларға немесе түтіктерге арналған мыс фитингтері; бу қазандықтары мен орталық жылыту қазандықтарының қосалқы жабдықтары. Сонымен қатар, керамикалық тақтайлар; ыдыс жуатын машиналар; бөтелкелерді немесе басқа ыдыстарды жууға немесе кептіруге арналған жабдықтар; кір жуғыш машиналар, электр су жылытқыштар, кеңістікті және құмды жылытуға арналған электр жабдықтары және т.б. өндірісін игеру үшін әлеует бар.