Қазақстанда табақ шыны өндірісінің көлемі 13,5 есеге артты

Отандық табақ шыны өндірісінің үлесі 43% - ға дейін өсті.

2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында табақ шыны нарығындағы отандық өндірістің үлесі 4% болса, ағымдағы жылдың осы кезеңінде ол 43% - ға дейін өсіп отыр.

Бұл ретте көрсетілген кезеңде өндірілетін өнімнің ақшалай көлемі 13,5 есеге өсіп, 2,9 млрд теңгеден асты (2022 жылғы қаңтар-ақпанда - 219,3 млн теңге болған).

Импорттық өнім көлемі қаржылай баламада алып қарағанда 40,2% - ға төмендеп, экспортқа, керісінше, төрт есеге көп жөнелтіле бастады.

Өнім шығару көлемінің өсуінің негізгі себептерінің бірі 2022 жылы Қызылорда облысында табақ шыны өндіретін "Orda Glass" ЖШС - зауытының іске қосылуы болып отыр. Зауыттың қуаттылығы - тәулігіне 600 тонна өнімді құрайды.

Есептің кезеңдегі табақ шыны нарығының көрсеткіштері, млн теңге

 

 

қаңтар-ақпан 2022

қаңтар-ақпан 2023

өсім / төмендеу

Өндіріс

219,3

2 963

+13,5 есе

Экспорт

0,9

353,5

+393 есе

Импорт

5 880,7

3 518,5

-40,2%

Тұтыну

6 099,1

6 127,9

+0,5%

ОТП үлесі

4%

43%

+39 п.п.

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ,  ҚР МКК