Жаңа мүмкіндіктерді басқару және инновацияларды енгізу жөнінде семинар өтті

Неліктен компанияларға инновацияларды енгізу маңызды? Бұл мәселеде қандай кедергілер бар? Стартаптар не үшін қажет? Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының осы және өзге де сұрақтарына «QazIndustry» АҚ  мен АSTANA HUB бірлесе Zoom форматында ұйымдастырған дөңгелек үстелі барысында технологиялар жөніндегі сарапшылар жауап берді.

 Мамандар цифрлық шешімдерді өндірістік ортаға енгізудің практикалық тәжірибесімен, табысты мысалдары және цифрлық шешімдерді енгізудің нәтижелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар "Инновацияларды енгізудегі кедергілер" және "Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жаңа мүмкіндіктерді басқару" тақырыптарын талқылады. Спикерлер кәсіпорындарға жаңа идеялар мен технологияларды енгізу барысында туындауы мүмкін кедергілерді, сондай-ақ инновацияларды енгізудің дұрыс таңдалмаған стратегиясынан, қаржыландырудың болмауынан, ұйымдастыру жұмыстары мен персонал біліктілігінің төмен деңгейінен туындайтын проблемалар жөнінде айтты.

Онлайн-кездесуге қатысушыларға спикерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Жиын барысында өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері нақты инновациялық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытты.

Онлайн кездесуге жалпы саны 80-ге жуық қатысушы қатысты. 

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай                                       іс-шаралардың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметкерлерінің цифрлық сауаттылықтарын және біліктіліктерін арттыру, Индустрия 4.0 туралы түсінік қалыптастыру, қазақстандық өнеркәсіпте цифрлық трансформация құралдарын қолданудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Алдағы уақытта да QazIndustry жоспарына сәйкес осы бағыттағы  оқыту- семинарлары тұрақты түрде жалғасатын болады.