12-16 маусым аралығында QazIndustry мамандары Шымкент және Түркістан облысының бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарына барады. Іс-сапардың негізгі мақсаты - технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясына ұсыныстар әзірлеу.
Qazindustry мамандары "АГФ Групп" ӨК" ЖШС, "Alem Luxury" ЖШС, "Гаухар" тігін фабрикасы" ЖШС, "Grand MIKS" ЖШС-на барып, кәсіпорындардың өндірісімен және жоспарларымен танысады.
Сарапшылар өнеркәсіптік кәсіпорындардың бүгінгі жай-күйіне талдау жүргізіп, өндіріс процестерін жақсарту және цифрлық шешімдерді енгізу үшін өз ұсынымдарын береді. Сондай-ақ, мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Аталмыш кәсіпорындарға алдағы уақытта да цифрлық стратегияларды жүзеге асыру барысында толық сүйемелдеу бойынша көмек көрсетілетін болады.
QazIndustry жобалық командасының іс-сапары аясында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері мен топ-менеджерлері үшін оқыту шеберлік семинары өткізіледі. Оларға Индустрия 4.0 тұжырымдамасы, технологиялық шешімдер, мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндіріледі.
Мастер-класс қатысушылары өнеркәсіп проблемаларын шешу және цифрлық трансформация құралдарын қолдану бойынша сараптамалық пікірлер ала алады.
Айта кетейік, биылғы жылы "QazIndustry" АҚ Цифрлық трансформация дирекциясы ҚР ИИДМ қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда IT - шешімдерді енгізу арқылы өнеркәсіптік сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаларды жүргізу бойынша жаңа бастаманы жүзеге асыруда.