Алматы облысы - батысында Жамбыл облысымен, солтүстік - батысында Қарағанды облысымен және солтүстік-шығысында Жетісумен шектесетін Қазақстанның ірі индустриалды және экономикалық дамыған өңірлердің бірі. Шығыста облыс Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
2022 жылы Алматы облысындағы өнеркәсіп жобаларының пулы аясында келесі салалар бойынша 94,5 млрд теңгеге 8 жоба пайдалануға берілді: тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі және басқада салалар. Нәтижесінде 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.
Өңірде алдағы уақытта 2026 жылға дейін құны 786 млрд теңгеден асатын, 8,6 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 40 өнеркәсіптік жобадан тұратын жалпы пул қалыптастырылды. Кәсіпорындар көптеген тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, желдеткіштер, лифттер, жылу оқшаулағыш материалдар және басқа да өнімдер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
2023 жылы өңдеу өнеркәсібінің мынадай салалары: түсті металлургия, Ағаш өңдеу өнеркәсібі және машина жасау бойынша 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 85,8 млрд теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Алматы облысының барлық жобаларының жобалық қуаттылығына шыққан кезде олардың өндіріс көлемі 400 млрд теңгеден асады. Өнімнің 30% экспортқа, 70% импортты алмастыруға тура келеді.
Осылайша, 2023 жылы Алматы облысында керамикалық ыдыс-аяқ, экструзиялық полистирол көбік, энергетикалық отын брикеттері, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылады.