Ағымдағы жылдың 12-16 маусым күндері «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Цифрлық трансформация дирекциясының мамандары Шымкент пен Түркістан облысына іс-сапармен барды.
Түркістан облысында Qazindustry өкілдері «Grand Miks» ЖШС-де болды. Зауыт 13 жылдан астам уақыт жиһаз шығарады. Шағын цехтан басталған кәсіпорын бүгінде жиһаз сәнінің әлемдік тенденцияларын қолдайтын көшбасшы брендке айналды.
Қазақстанның ірі қалаларындағы өңірлік қоймалары арқылы жиһазды тапсырыс берушілерге жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Компания еліміздің бірқатар қалаларында - Петропавлдан Атырауға дейін 20-дан астам дилерді біріктіреді.
Бүгінде зауыт заманауи материалдарды пайдаланып, өндіріске жаңа технологияларын табысты енгізуде. Ең соңғы үлгідегі жабдықтарды пайдалану арқылы кәсіпорын тек жұмсақ жиһаздар мен жоғары сапалы ас үй жиынтықтарын ғана емес, сонымен қатар заманауи шкаф жиһаздарын да шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріске денсаулық үшін қауіпсіз материалдар мен технологиялар енгізілуде.
Шымкентте Qazindustry мамандары «Shymkent Temir» ЖШС және «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-де болды.
«Shymkent Temir» ЖШС 2017 жылы іске қосылды, бұл Қазақстанның оңтүстігінде сапалы болат дайындамасын өндіру бойынша алғашқы кәсіпорындардың бірі. Болат озық технологияларды қолдану арқылы жасалады.
Кәсіпорын өз клиенттері үшін қызметтердің тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту мақсатында заманауи цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізуге ұмтылады. Мұнда теміржол индустриясының жоғары білікті мамандары жұмыс істейді.
«Хлопкопром-Целлюлоза» мақта целлюлозасын, гигроскопиялық мақтаны және техникалық карбоксиметилцеллюлозаны өндіруге маманданған. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлеріне әртүрлі мақта материалдары мен медициналық бұйымдарды алу үшін мақта өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ қағаз өндірісінде қолдануға болатын целлюлоза өндірісі кіреді.
Екі кәсіпорын да "Оңтүстік" АЭА аумағында орналасқан.
Цифрлық трансформация дирекциясы өкілдерінің айтуынша, Шымкент пен Түркістан облысына барудағы басты мақсат - технологиялық аудит жүргізу және кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау бойынша ұсынымдар әзірлеу болды. Qazindustry командасы барған кәсіпорындардың ағымдағы технологиялық процестері мен жүйелеріне талдау жүргізді. Атап айтқанда, қолданыстағы цифрлық шешімдерді бағалау, кәсіпорынның бизнес-процестерін зерттеу, бизнес-процестерді ықтимал оңтайландыру үшін секторларды анықтау және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, іс-сапар аясында "Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары" тақырыбында шеберлік сабақтары өткізілді. Олар «Оңтүстік» АЭА аумағында жұмыс істейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін «KPMG Орталық Азия және Кавказ», «Softing IT» және «Geometry» компанияларымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Шеберлік сабақтарына «Хлопкопром-Целлюлоза», «Шымкент-Кашемир», «АГФ групп «ӨК», «KazBioLife», «Бал Тоқыма», «EKOHIM» және т.б. компаниялардың 20-дан астам өкілдері қатысты. Олар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау саласындағы озық инновациялармен және шешімдермен, мысалы, өнеркәсіптік сектордағы Business Intelligence-пен танысып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.
Аталмыш мастер-класс өнеркәсіп өкілдері мен IT-компаниялар арасында тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ кәсіпорындарда ынтымақтастық пен цифрлық трансформацияны дамыту жолдарын іздеуге арналған алаң болды.
Qazindustry өкілдерінің пікірінше, Шымкент пен Түркістан облысына жұмыс сапары Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мен өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді. Осы байланыстың арқасында алдағы уақытта да кәсіпорындарға озық цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында қолдау көрсетілетін болады.