Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық кәсіпорындардың 186,4 млн теңге көлеміндегі шығындарын өтеді. Оның ішінде 184 млн теңге кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты болса, 2,4 млн теңге отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған.
Аталмыш кезеңде "QazIndustry" АҚ - ға өнеркәсіп кәсіпорындарынан өз шығындарының бір бөлігін өтеуге барлығы 236 өтінім келіп түскен. Оның 157 еңбек өнімділігін арттыруға және 79 өтінім өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша.
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша ең көп өтінімдер Астана мен Шымкент қалаларынан (35 өтінімнен) және Алматы қаласы мен Ақмола облысынан (16 өтінімнен) келіп түсті. Салалық бөліністе өтінімдердің басым көпшілігі машина жасау кәсіпорындарынан (42 өтінім), АӨК - тамақ өнімдерін өндіру (30) және жеңіл өнеркәсіп (28) кәсіпорындарынан түскен.
Тауарларды ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге ең көп өтінім Алматы (16 өтінім), Қарағанды (15) және Ақтөбе (9) облыстарынан келіп түсті. Салалар бойынша бұл жеңіл өнеркәсіп (31) және машина жасау (27) кәсіпорындары.
Сонымен қатар, қаңтар-шілде айларында QazIndustry мамандары кәсіпорындардың шығындарын өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 259 телефон арқылы консультация берген, осы түсіндіру бағытында 16 іс-шара (ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен және мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесулер) өткізілді. Бұдан бөлек, мамандар Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана, Шымкент және Алматы қалаларында 12 семинар-кеңес ұйымдастырды.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтейді. Өтінімдер qazindustry.gov.kz ресми сайты арқылы (басты бетте "бизнесті ынталандыру" тетігі) қабылданады. Мемлекеттік ынталандыру мәселелері бойынша жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry әр апта сайын (бейсенбі күні) Ашық есік күндерін өткізеді (https://qazindustry.gov.kz/kk/article/2625-den-otkrytykh-dverey-kazhdyy-chetverg ).