Қазақстанда тұтынушылық химия өндірісі 1,6 есе өсті

2023 жылғы қаңтар-маусым аралығында тұтынушылық химия (сабын, жуғыш және тазартқыш құралдар) өндірісі 1,6 есе өсті. Бұл ішкі нарықтағы сұраныстың артуына және бірқатар ТМД елдеріне экспорттың өсуіне байланысты.

Айта кету керек, отандық өндірушілер өндірістік қажеттіліктер үшін кең спектрлі кәсіби тазартқыштар шығара бастады.

Тұтынушылық химияның негізгі отандық өндірушілері «Аврора Холдинг» ЖШС, «Goldman and Young», «Маршал», «Тұрмыстық Химия Зауыты», «ПрофХим», «Шымкент Сабын», «КазБытХим», «Nazar Global Trade», «АРТ трейд LTD» және т.б. болып табылады.

 

Тауардың атауы

2022 жылғы қаңтар-маусым

2023 жылғы қаңтар-маусым

Сабын, жуғыш және тазалағыш заттар, тонна

13 061

21 220

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК