«Asia Ргом Textile» ЖШС
Алматы тігін фабрикасына үнемді өндіріс элементтерін енгізуге жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелді. Бұл кемшіліктерді азайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
«Asia Ргом Textile» ЖШС арнайы киімдер өндіруге маманданған. Өнімдер заманауи қытай жабдықтарында тігіледі. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорнында арнайы киімнің 100-ден астам түрі шығарылады. Тігін фабриксында бүгінгі күні 21 адам жұмыс істейді.
«QazIndustry» бізге үнемді өндіріс элементтерін енгізуге жұмсалған шығындардың 40 пайызын өтеді. Біз жапондық Kaizen философиясын арнайы киім шығаратын цехқа енгіздік. Осының арқасында біздің қызметкерлер тиімді білім алып, пайдалы дағдыларға ие болды. Бұл өндірістің тұрақтылығы мен жүйелілігін сақтай отырып, еңбек өнімділігін 12 пайызға арттыруға мүмкіндік берді», - дейді компания басшысы Әділжан Тұрғанов.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, Kaizen енгізу өндіріс барысындағы және қызметкерлердің тәртібіндегі кемшіліктерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Аталған кемшіліктер өнім сапасына және компанияның имиджіне кері әсер еткен.
"Кез - келген өндірістегі сияқты, Біз өнімнің, технологияның және процестің сапасын үздіксіз жақсартқымыз келеді, сонымен қатар корпоративті мәдениет пен еңбек өнімділігін арттырғымыз келеді. Әрбір қызметкердің барлық аспектілерде өзін - өзі тәрбиелеуі маңызды. Атап айтқанда, бұл сапалы еңбек етуде немесе жеке уақытын тиімді басқаруға қатысты. Бұл тұрғыда Kaizen бізге жақсы көмектеседі», - дейді тігін өндірісінің жетекшісі Лариса Саттарова.
«QazIndustry» АҚ кәсіпорынға жаңа тұжырымдаманы енгізуге жұмсалған шығындарының бір бөлігі (40%) 4,4 млн теңге мөлшерінде қаржы өтеді. Кәсіпорын бұл мемлекет тарапынан отандық кәсіпорындарға көрсетіліп отырған тиімді көмек құралы деп санайды.
«Біз мемлекеттің өнеркәсіп кәсіпорындарына жан - жақты көмек көрсетіп жатқанына өте қуаныштымыз. Мысалы, QazIndustry екі бағыт бойынша - еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтейді. Әрине, біздің тігін өндірісіміз қазір өз көрсеткіштерін жақсарту процесінде, бірақ осы өндірісімізге енгізіп отырған жапон техникасының сәттілігі туралы қазірдің өзінде сенімді түрде айта аламыз. Менің ойымша, мемлекеттің көмегі бізге өнім сапасын арттырып, технологиялық процестерді оңтайландыруға және еңбек өнімділігін жақсартуға көмектеседі», - деп жалғастырады А.Тұрғанов.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында «QazIndustry» отандық кәсіпорындардың 186,4 млн теңге көлеміндегі шығындарын өтеді. Оның ішінде 184 млн теңге кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты болса, 2,4 млн теңге отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған. Аталмыш кезеңде "QazIndustry" АҚ - ға өнеркәсіп кәсіпорындарынан өз шығындарының бір бөлігін өтеуге барлығы 236 өтінім келіп түскен.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратты QazIndustry ресми сайтынан qazindustry.gov.kz. білуге болады. Сондай-ақ, кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry аптаның әр бейсенбі күні Ашық есік күндерін өткізеді(https://qazindustry.gov.kz/kk/article/2625-den-otkrytykh-dverey-kazhdyy-chetverg).