Химия саласы өндірісінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде құндық мәнде 570,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 15,4% - ға жоғары.
Өндіріс көлемінің заттай көріністегі ең үлкен өсімін мынадай тауарлар көрсетеді: көмірқышқыл газы (+12,2%), этил спирті (+23,1%), жуғыш заттар (+38,4%), тұз қышқылы (+14,0%), каустикалық сода (+1,8%); бастапқы нысандардағы полиуретандар (+14,1%), гипохлориттер (+4,5%) - химия және онымен байланысты салалардағы (сусындар өндірісі, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, құрылыс және т.б.) тұтынушылық сұраныс есебінен.
Химиялық өнім өндірісінде негізгі үлесті өзге бейорганикалық заттар - 46,7%, тыңайтқыштар мен құрамында азот бар заттар - 19,2%, өзге химиялық өнімдер - 7,2%, бояғыштар мен пигменттер - 5,8%, өнеркәсіптік газдар - 4,3%, пестицидтер және өзге де агрохимия - 4,1%, бастапқы нысандардағы пластмассалар - 3,9% құрайды.
Жоғарыда аталған кезеңдегі нақты көлем индексі 104,1% құрады. Өсудің негізгі себебі өнеркәсіптің аралас салаларында (ТМК, сусындар өндірісі, құрылыс) тұтынушылық сұраныстың артуы болып табылады.
2023 жылғы қаңтар-маусымда құны бойынша химиялық өнімнің экспорты $ 866,5 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 14,2% - ға артық.
Химия өнеркәсібі өнімдерінің импорты $ 2 479,5 млн құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 20% - ға артық.
Химиялық өнім түрлері нарығының көлемі 2023 жылғы қаңтар-маусымда $ 2 717,9 млн (1 228 млрд теңге) құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,4% - ға артық. Отандық тауар өндірушілердің үлесі өндірістің (+23,9%) және импорттың (+20%) неғұрлым жоғары өсуі есебінен 2,7 п.т. ұлғайды. ОТП үлесі 8,8%, импорттық өнімнің үлесі - 91,2% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде химиялық өнім түрлерін өндірудің ең көп көлемі мынадай өңірлерде байқалады: Жамбыл (31,2%), Шығыс Қазақстан (22,0%), Ақтөбе (7,8%), Қарағанды (7,2%), Ақмола (6,7%), Павлодар (5,7%) және Маңғыстау (4,6%) облыстардың