Қазақстанда керамикалық кірпіш өндірісі құрылыс саласы үшін өте маңызды және сұранысы жоғары өнімдердің бірі болып табылады. Материал беріктігі және тозуға төзімділігі сипаттамаларына байланысты ғимараттар және өзге де құрылыс саласында кеңінен қолданылады.
Керамикалық кірпіш елде кең таралған табиғи ресурс болып табылатын саздан жасалады. Керамикалық кірпіш өндірісі негізінен сазды өндіру және дайындау, қалыптау, кептіру, күйдіру, орау және жеткізу сияқты кезеңдерден тұрады.
Соңғы 10 жылда саладағы өндіріс көлемі оң динамиканы көрсетіп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, өндіріс көлемі екі есеге жуық өсімді көрсетті (890,6-дан 1 758,1 мың текше метрге дейін).
Керамикалық кірпіш өндірісінің өсуінің негізгі себебі құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы болып табылады.
2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі 51,6% - ға артып, 1 643,9 мың текше метрді құрады.
Керамикалық кірпіш өндірісінің динамикасы, мың текше метр
2013 ж. |
2022 ж. |
2022 ж. 8 айы |
2023 ж. 8 айы |
890,6 |
1 758.1 |
1 084,3 |
1 643,9 |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ
Саланы дамытудың маңыздылығы негізгі капиталға инвестициялар тарту болып табылады. 2022 жылы құрылыс материалдарын өндіру саласына инвестициялар көлемі 158,3 млрд теңгені құрады (2013 жылмен салыстырғанда +7,4 есе). Көрсеткіштердің ұлғаюына «SG Brick» ЖШС (Ақмола облысы), «ЭлитСтройАтырау» (Атырау), «134» (БҚО), «Almaty NS-Group» (Түркістан облысы) және басқа да жобаларды пайдалануға беру ықпал етті.
Статистика бойынша, 2022 жылы Қазақстанда керамикалық кірпіштер шығаратын 313 кәсіпорын жұмыс істеген (2013 жылмен салыстырғанда +105). Саладағы жетекші кәсіпорындар - «Enki» және «ENKI PLUS» ЖШС (Көкшетау), «Элхон» ( Өскемен), «Хромтау кірпіш зауыты» (Хромтау), «Батсу-водоканал» (Түркістан облысы), «Конкрит Продактс» (Алматы), «Астана Ceramics» және «SG Brick» (Ақмола облысы) және тағы басқалар.
Қаралып отырған кезеңде өнімді тұтыну нарығы 4,5 есеге өсті (14,5-тен 64,7 млрд теңгеге дейін). Сонымен қатар, отандық өндірушілердің үлесінің өсуіне ықпал ететін керамикалық кірпіш сегментінің өндірісін ұлғайту әлеуеті жоғары(ОТӨ үлесі 54%, импорт - 1 002 мың тонна).