Қазақстандық кәсіпорындар QazIndustry арқылы мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат алып және оларды өз кәсіпорындарында жаңғырту жұмыстарына, қызметкерлердің құзыретін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша тиімді пайдалануда.
Солардың бірі – Қазақстандағы мұнай-химия өнімдерін толық циклмен өндіретін алғашқы зауыт «ҚазМұнайХим» ЖШС. Мұнда шығатын қоспалар мен реагенттер бұрғылауға және өндіруге, мұнай-газды өңдеуге, су мен ағынды суларды өңдеуге арналған.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында QazIndustry аталмыш кәсіпорынға 11,2 млн теңгеге қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеді. Бұл зауытқа қысқа мерзімде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Әр түрлі реагенттер мен қоспаларды шығару желісін іске қосу мақсатында зауыт басшылығы осы саладағы тәжірибесі бар шетелдік маманды арнайы шақыртты. Бұл жерде жаңа өндірістік желі іске қосылғаннан кейін кәсіпорын жобалық қуатқа шығып қана қоймай, сонымен қатар техникалық профильдегі қосымша жұмыс орындарын құру да қарастырылған.
Шақыртылған маман ғылыми-техникалық орталық зертханасының жұмыс регламентін әзірледі, жобаны жобалау және іске асыру кезінде жіберілген іске қосу-жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді реттеді (блок-модульдік қондырғыда дәнекерлеу тігістерін қайта дәнекерлеу, тауар-шикізат паркіндегі сыйымдылықтарды қайта байлау және т.б.). Бұған қоса, штаттық кесте 17 адамнан тұратын қосымша өндірістік мамандармен жасақталды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорын рекордтық жылына 20 мың тонна өнім шығару көлеміне шықты. Жаңа желі іске қосылған сәттен бастап зауыт екі мың тоннаға жуық реагенттер мен қоспалар шығарды, бұл ақшалай көрсеткіште шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды. Айта кететіні, кәсіпорын шетелдік маманның қатысуымен өзінің өндірістік қуатын арттыруды қазірде жалғастыруда.