2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы химия саласы өндірісінің көлемі 720,3 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 8,4% - ға жоғары.
Заттай көріністегі өндіріс көлемінің үлкен өсімін - көмірқышқыл газы (+11,1%), этил спирті (+8,0%), жуғыш заттар (+38,1%), бастапқы формадағы полиуретандар (+13,3%), гипохлориттер (+4,1%) көрсетіп отыр.
Химиялық өнім өндірісінде негізгі үлесті өзге бейорганикалық заттар - 47,0%, тыңайтқыштар мен құрамында азот бар заттар - 18,5%, өзге химиялық өнімдер - 7,2%, бояғыштар мен пигменттер - 6,0%, өнеркәсіптік газдар - 4,6%, бастапқы нысандардағы пластмассалар - 3,9%, пестицидтер және өзге де агрохимия - 3,7% құрайды.
Өндірілген өнім көлемінің өсуінің негізгі себебі саладағы тұтынушылық сұраныстың артуы есебінен (ТМК, сусындар өндірісі, құрылыс және т.б.) болып отыр.
2023 жылғы қаңтар-тамыздағы қаржылық мәндегі химиялық өнімнің экспорты $ 1162,8 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 5,9% - ға артық.
Химиялық өнім түрлері нарығының көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамызда $ 3 529,0 млн немесе 1 591,6 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19 % - ға артық. Өсім өндірістің (+12%), сондай-ақ экспорттың (+5,9%) және импорттың (+17%) барлық көрсеткіштерінде байқалды. Отандық тауар өндірушілердің үлесі де өсіп, 7,6% - құрады.
Химиялық өнім түрлерін өндірудің ең көп көлемі Жамбыл (30,1%), Шығыс Қазақстан (22,7%), Ақтөбе (8,1%), Қарағанды (7,5%), Ақмола (6,0%), Павлодар (5,6%) және Маңғыстау (4,0%) облыстарында байқалады.