Шымкент қаласы 2018 жылдан бастап республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие және республиканың урбанистік орталықтар үштігіне енеді.
Нарықтық жағдайларға (агломерация, көші-қон, мамандандыру) байланысты қалада экономикалық өсу орталығы қалыптасып, инфрақұрылымы дамыған Қазақстанның сауда және мәдени орталығына айналып отыр.
Жеке мәртебеге ие болған уақыттан бастап әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады: облыс ЖӨӨ 2023 жылғы 1-жартыжылдықта 1 522 млрд теңгені құрады және Қазақстан өңірлері арасында 13-ші орынды алды. Қала ЖӨӨ үлесі 3,2% құрайды.
ЖӨӨ құрылымында ең жоғары үлес салмағын өңдеу өнеркәсібі – 19,1%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу – 18,3%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 14,3%, өнімге салынатын салықтар – 8,6%, білім – 8,4% құрайды.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп құрлымында 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Шымкент қаласының үлесі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5% өсіп 2,2% немесе 764,3 млрд теңге құрады және 15-ші орынға ие болды.
Көрсеткіштің өсуі ең алдымен металлургия өндірісі өнімі көлемінің (2,2 есе), сумен қамтамасыз ету; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі (83,1%), жеңіл өнеркәсіп өнімі (33,7%), машина жасау саласы (18,8%), химия өнеркәсібі (15,5%) және т.б. өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібіне кокс және мұнай өңдеу өнімдері (25,8%), азық-түлік (16,3%), металл емес минералды өнім (12%), металлургия өндірісі (10,7%), машина жасау саласы (7,7%), дайын металл бұйымдар, машиналар мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдары өндірісі (6,6%) салаларында өсім байқалады.
Шымкент қаласы өңдеу өнеркәсібінің 18 тауарын өндіру бойынша еліміз бойынша үздік 3-ке енеді, атап айтқанда, эфир майы, синтетикалық штапель талшықтардан жасалған маталар, түкті сүлгі маталар және мақтадан жасалған ұқсас түкті маталар (тар маталардан басқа), қоспалы болаттан (тот баспайтын болаттан басқа) суық тартылған өзектер (шыбықтар) және қуыс профильдер, керамикалық тақтайлар және т.б. өндірісі.
Қалада перспективті өңдеу өнеркәсібі салаларының (құрылыс материалдары өндірісі – 15, жеңіл өнеркәсіп – 11, азық-түлік – 10, металлургия – 8, машина жасау саласы – 5, фармацевтика – 4) 57 ірі және орта кәсіпорны шоғырланған, олардың 54 өнімдерді сыртқы нарықтарға жеткізеді.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Шымкент қаласы өнеркәсіптің негізгі капиталына 60,3 млрд теңге инвестиция игерді және жалпы ел көлемінің 1,1% (19 орын) құрайды.
Өңдеу секторында Шымкент қаласымен аталған кезеңде 28,4 млрд теңге инвестиция немесе ел көлемінің 2,8% (13 орын) игерілді, бұл, өткен жылғы осы кезеңідегі көрсеткіштен 46,2% төмен.
Өңдеу өнеркәсібі құрылымында шыны және шыныдан жасалған бұйымдар (41,8%), тас кесу, өңдеу және әрлеу (13,5%), текстиль бұйымдары өндірісі (13%), цемент, әк және құрылыс гипсі (11,2%), саздан жасалған құрылыс материалдары (10,6%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (9,9%), металлургия өндірісі (8,8%) өндірісіне ең жоғары инвестиция салынды.
Шымкент қаласының тауарлық экспорты 2023 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша 373,3 млн АҚШ долларын құрады, бұл, 2022 жылғы тиісті кезеңдегі көрсеткіштен 9,8% төмен.
Импорт өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22% өсіп, 999,9 млн АҚШ долларын құрады.
Қаланы кооперациялау мүмкіндігі өндіріс әлеуетінің болуы тұрғысынан қарастырылады. Өзбекстанмен географиялық жақын орналасуды, орныққан көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ, біздің елдер арасындағы еркін сауда режимін ескерсек, бірқатар тауар топтарында барынша бәсекеге қабілетті өнімді экспорттау мүмкіндігі бар: электр жабдығы өндірісі (қуаты 650 ква артық емес сұйық диэлектрикпен трансформаторлар; 650 ква артық, бірақ, 10000 ква артық емес және қуаты 10000 ква артық трансформаторлар); кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі (мотор отыны, басқа жеңіл мұнайды айыру өнімдері, жеңіл мұнай дистилляттары; керосин, орташа басқа мұнай айыру өнімдері, мұнай дистилляттары, орташа мұнай дистилляттары); азық-түлік өндірісі (түрлі макарон өнімдері; мұздатылған күркетауық тұтас етінің бөлшектері және ішкі өнімдері; мұздатылған балық; мұздатылған балық филесі; госсиполдан тазартылған немесе тазартылмаған шикі мақта майы; түрлі мақта майы және оның фракциялары).
Болашақта Шымкент қаласы өңірдің негізгі индустриялық орталығы ретінде қалыптасатын болады, ол үшін қолданыстағы кәсіпорындар технологиясын жаңарту және жаңғырту, индустриялық аймақтарды әрі қарай дамыту, нақты әртараптандыру және мемлекеттік қолдау шараларымен кәсіпкерлерді ынталандыру арқылы Шымкент агломерациясын экономика көлеңкесінен шығару қажет. Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шаралары АӨК индустрияландыру (автоматтандыру, механизация, цифрландыру), тамақ өнеркәсібі (сүт, консервілер, шарап жасау), жеңіл және текстиль өнеркәсібі (иірілген жіп, дайын бұйымдар) салаларына көрсетіледі.