2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте алюминий қорытпалары экспортының көлемі 75% - ға, яғни 11,5 мың тоннадан 20,1 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Өсім көрсеткіштері өнімге деген сұраныстың Өзбекстанда - 2,6 есеге (1,7 - ден 4,2 мың тоннаға дейін) және Жапонияда - 60% - ға (2,5-тен 4,1 мың тоннаға дейін) дейін артуы есебінен қол жеткізілді.
Отандық алюминий қорытпаларын тұтынушылардың негізгі ТОП-3 еліне Өзбекстан (өнім бойынша экспорттың жалпы көлеміндегі 21 пайыздық үлесі), Жапония (20%) және Ресей (19%) кіреді.
Қазақстанда алюминий қорытпаларын «Alumcopper» ЖШС және «FORES» ЖШС (Алматы), «Спец Проект Прогресс» ЖШС (Астана), «Giessenhaus» ЖШС (Павлодар облысы) шығарады.
Алюминий қорытпалары экспортының көлемі, мың тонна
Экспорт көлемі |
2022 жылғы қаңтар-қыркүйек |
2023 жылғы қаңтар-қыркүйек |
Динамика |
Барлығы |
11,5 |
20,1 |
+75% |
оның ішінде: |
|||
Өзбекстан |
1,7 |
4,2 |
+2,6 раз |
Жапония |
2,5 |
4,1 |
+60% |
Ресей |
3,0 |
3,9 |
+28,7% |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ және ҚМ МКК