Қазақстан мұнай мен табиғи газдың мол қорына ие, бұл инвестицияларды тарту және мұнай-газ машина жасау жабдықтарына деген жоғары сұранысқа ықпал етеді. Елдегі мұнай-газ жабдықтары нарығы бұрғылау жабдықтарын, құбырларды, клапандарды, компрессорларды қоса алғанда, өнімдер мен қызметтердің алуан түрлілігімен сипатталады.
ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК деректеріне сәйкес 2020 жылдан бастап Қазақстанда мұнай-газ машина жасау тауарларын өндіру көлемі 232,9 млрд теңгені құрады. Жергілікті деңгейде өндірілетін негізгі тауарлар сорғылар мен компрессорларға арналған бөлшектер, крандар, клапандар, құбырларға арналған арматура, бактар мен цистерналар және т.б.
Соңғы үш жылда мұнай-газ машина жасау тауарларын өндіру көлемінің өсу үрдісі байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ машина жасау саласының өндіріс көлемі 68,1 млрд теңгені құрады. 2021 жылы өндіріс көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2,6% - ға ұлғайып, 69,9 млрд теңгені құрады. 2022 жылы мұнай-газ машина жасау жабдықтарын өндіру көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 5,8% - ға өсіп, 72,6 млрд теңгеге жетті. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 32,3 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің жалпы көлемі 50% - дан астам өсті.
Саладағы негізгі бағыттар сорғылар мен компрессорларды өндіру (олардың өндірісі 52,6% - ға ұлғайды), сондай-ақ крандар, клапандар мен винтельдер өндірісі (46,9% - ға ұлғайды) болып табылады. Бұл бағыттардағы негізгі өндірушілер: "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "Атырау Мұнаймаш" ЖШС, "Мұнаймаш" АҚ, "Каскор-Машзавод" АҚ, "Ақтөбе сорғы жабдықтары зауыты" АҚ, "Everest Techno" ЖШС, "KARLSKRONA LC AB" және басқалары. Бұл кәсіпорындар өз өнімдерін тек жергілікті нарыққа ғана емес, экспортқа да жібереді.
2023 жылдың алғашқы сегіз айында мұнай-газ машина жасау тауарларының экспорты $ 107,8 млн құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе өскен.
Экспорттың негізгі бағыттары ТМД және БАӘ елдерінің нарықтары болып табылады.
Негізгі экспорттық позициялар тепкіш сорғылар, құбыр арматурасы, қазандықтар, крандардың бөліктері және т.б. болып табылады.
Экспорттың 3,2 есеге ұлғаюына қарамастан, жергілікті нарықтағы отандық тауарлардың пайыздық арақатынасы 9,4% -ды құрап отыр.
2023 жылы (қаңтардан тамызға дейін) өндіріс пен экспорт көлемінің ұлғаюынан бөлек, өткен жылмен салыстырғанда импортталған өнім көлемі де 17,4 % - ға ұлғайып, $694,6 млн құрады. Негізгі импортталатын тауарлар мұнай және орталық тепкіш сорғылар, сорғылар мен компрессорлардың бөліктері, құбыр арматурасы, түрлі крандар мен ысырмалар болып отыр. Қарастырылып отырған сектордың негізгі импорттаушы елдері Қытай, Ресей және Германия болып табылады. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚХР-дан Қазақстанға 174,1 млн АҚШ долларынан астам құрал-жабдықтар импортталды, бұл мұнай-газ саласының импортталған жабдықтарының жалпы көлемінің 25,1% құрады.
Қазақстанда мұнай-газ машина жасау тауарларын өндіру қарқынды түрде дамып келеді. Соңғы үш жылда осы секторды дамытуға 23,6 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялар тартылды. 2022 жылдан бастап сорғы штангалары мен муфталарын шығаратын толық циклді зауыт жұмыс істейді. Жақында Ақтау қаласында сорғылар шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, Қазақстанда құбыр арматурасын, сорғыларды және олардың бөліктерін шығаратын зауыттар бар. Инвестиция тартумен қатар, қазақстандық зауыттар жас және білікті кадрларды даярлау үшін түрлі оқу орындарымен ынтымақтастық жасалған.
Өндіріс көлемін және жергілікті қамту үлесін арттыру үшін ынталандыру бағдарламалары қажет. Осы ретте, отандық өндірісті қолдау үшін арнайы қолдау тетіктері бар, олардың қатарында «Ерте тендер», «Сынамалық тапсырыс» және «Инвестициялардың орнына келісімшарт» бар.
Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап елімізде мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы (IMBC) жұмыс істейді, оның мақсаты Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін дамытуға және ірі операторлардың тауарлар сатып алуы кезінде жергілікті қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу болып табылады. Орталық жұмысының аясында $400 млн астам сомаға жеті тауар тобы анықталды, бұл тауар топтары отандық өндірушілерді жеткізе алады.