Павлодар облысы Қазақстанның индустриялық және экономикалық дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Бұнда көпсалалы өнеркәсіптік база құрылған, олардың кәсіпорындары бір-бірімен тығыз байланыста. Облыс аумағында көмір, никель, алтын, мыс, мырыш және қорғасын қорлары шоғырланған. Облыс ТМД ірі нарығы Ресей Федерациясының жанында орналасқандықтан тиімді географиялық орынға ие, солтүстікте Омбы облысымен, солтүстік-шығыста Новосібір және шығыста Алтай өңірімен, сондай-ақ, Омбы облысымен, солтүстік-шығыста – Новосібір және шығыста – Алтай өңірімен, сондай-ақ, Абай, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі.
Экономикалық өсуді ынталандыру және облыста инвестициялық әлеуетті ұлғайту мақсатында 2011 жылдан бастап «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.
Өңір перспективасында шамамен 13 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 3,5 трлн теңгеден артық инвестициямен 53 өнеркәсіптік жобадан тұратын жалпы пул қалыптастырылды.
Жобаларды іске асыру өнеркәсіп салаларында жоспарланған: тау-кен өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау саласы, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, химия, тамақ, құрылыс индустриясы және энергетика. Атап айтқанда, болат өнімі, катодты мыс, ферросилиция, техникалық кремний, күйдірілген мұнай коксы, ферросиликомарганец, кальций қосылған және каустикалық сода, полипропилен, алюминий радиаторлары, құрылыс материалдары және т.б. өндірісі жоспарланған.
2023 жылы Өнеркәсіп жобаларының пулы шеңберінде қара металлургия, машина жасау саласы, мұнай-химия және тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша шамамен 387 тұрақты жұмыс орнын ашумен Павлодар облысында жалпы сомасы 105,8 млрд теңге 6 жобаны іске қосу жоспарланған.
Ағымдағы жылы көмір, мазут, жез шыбықтар, бағыттамалық бұрмаларға арналған пластик элементтер, алюминий дисктер және аккумуляторлар өндірісі жолға қойылатын болады.