QazIndustry өкілдері «Petrocouncil» мұнай-газ кеңесі ұйымдастырған семинарға қатысты. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі орган.
Кездесу тақырыбы қазақстандық өндірушілерге салық салудың өзекті мәселелері, мұнай-газ саласындағы кедендік аспектілер, СТ-КЗ сертификатын алу тетіктері, Атырау қаласындағы ірі жобаларда отандық тауар өндірушілерді ынталандыру болды.
Іс-шараға Тенгизшевройл, Солтүстік Каспий операциялық компаниясы, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, қазақстандық өндірушілер мен жеткізушілер қатысты.
QazIndustry атынан Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев қатысты.
Семинар-кеңес барысында ол өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынудың шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауды пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, А. Сағиев кездесуге қатысушы кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты сұрақтарына жауап берді.