Барлық мүдделі азаматтарды 2024 жылдың 1 ақпанында өтетін «Индустрияның цифрлық трансформациясы» пленарлық отырысына қатысуға шақырамыз.
Сессия «INDUSTRY X: БОЛАШАҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумы аясында өтеді.
Іс-шара ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұйымдастыруымен, вице-министр Жаннат Дубированың төрағалығымен өтеді. Сессияның негізгі тақырыбы Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және кәсіпорындардың бизнес-процестерін автоматтандыру перспективаларын талқылау болып табылады.
«Шубаркуль Премиум» АҚ, «RG-Gold», «Богатырь Көмір» АҚ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компанияларының өкілдері процестерді әзірлеу және автоматтандыру бойынша тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Сессия Алматы қаласында сағат 10:00-де «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы (Uranium залы) басталады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен IT компанияларды пленарлық отырысқа қатысуға және өз жобалары мен әзірлемелерін көрсетуге, әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және Индустрия 4.0 саласындағы соңғы трендтерді көруге шақырамыз. Бұл сіздің компанияңызды одан әрі дамыту және кәсіби тәжірибеңізді байыту жолындағы маңызды қадам болады.
Қатысу үшін https: https://almatydigital.kz/ сілтемесі арқылы тіркеліңіз.
Айта кетейік, 1-3 ақпан аралығында Алматыда «X индустриясы: болашақтың цифрлық эволюциясы» Digital Almaty 2024 цифрлық форумы өтеді. Алтыншы форум сандық индустрияның жаңа дәуірін құруға бағытталған тәжірибе мен идеялар алмасу үшін ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қызметкерлерін, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлерді жинайды.